Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоластындағыларға үйін салғызған: Бұрынғы төтенше жағдай вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев 5 жылға сотталды

Қазақстанның бұрынғы төтенше жағдай жөніндегі вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет

Экс-шенеунік Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына жеке үйінің құрылысына әскери қызметкерлер мен арнайы техника тартуды тапсырған. 

Сот Ибрагим Күлшімбаевты қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ сот Президенттің атына айыпталушыны "генерал-майор" әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.



Ибрашим Күлшімбаев өткен жылдың ақпан айында Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанған қазақстандық құтқарушылар тобын басқарған еді. Сондай-ақ ол баспасөз мәслихатында 9 балдық жер сілкінісі кезінде Алматыдағы тұрғын үйлердің үштен бірі қирап қалуы мүмкін екенін айтты.

Экс-шенеунік 2020 жыоы вице-министр лауазымына тағайындалып, 2023 жылы қызметінен босатылды.

Талқылау