Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой оралды: Бұрынғы денсаулық сақтау министрі президент іс басқармасының медициналық орталығын қайта басқаратын болды

Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанға дейін Президент Іс басқармасының медициналық орталығын 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың маусымына дейін басқарған. Цой 2020 жылдың маусымынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Ведомство Цойдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кеткенін түсіндірген еді.

Алексей Владимирович Цой 1977 жылы 2 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.



1998-2001 жылдары "Аспан Шымкент" ЖШС бас бухгалтері, коммерциялық директоры болып қызмет еткен.

2002-2004 жылдары — Ұлттық ғылыми медицина орталығы және республикалық клиникалық ауруханада эндоскопист-дәрігер.

2004-2007 жылдары — Ұлттық ғылыми медицина орталығында эндоскопист-дәрігер, аға ғылыми қызметкер.

2007-2010 жылдары – Қазақстан президенті іс басқармасы медицина орталығының заманауи технологияларды енгізу орталығы директорының міндетін атқарушы, директоры.

2010-2011 жылдары — Қазақстан президенті іс басқармасының медицина орталығы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2011-2014 жылдары — Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері.

2014-2017 жылдары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.

2017-2019 жылдары — денсаулық сақтау вице-министрі.

2019 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан президенті іс басқармасының медицина орталығын басқарды.

2020 жылдың 22 маусымында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды.

Талқылау