"Бұрын ЕҚДБ-да жұмыс істеген маман Bank RBK-ға жаңа директор болды": Бұл банк үшін қандай маңызға ие

Юрген Ригтеринк – 30 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық банкир. Ол Bank RBK Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланғаннан кейін, корпоративтік басқарудың банктің тұрақты дамуына қалай көмектесетінін түсіндірді. Сонымен қатар, Юрген тәуекелдерді басқарудың "жылдам" шешімдерден неге маңызды екенін, Қазақстандағы клиенттер мен инвесторлардың сенімін сақтау үшін қандай қағидаттарды басты санайтынын айтты.
– Юрген, ЕҚДБ-ның бірінші вице-президенті ретінде сіз біздің өңірге, атап айтқанда Қазақстанға көп көңіл бөлдіңіз. Елдің және оның қаржы секторының биылғы даму кезеңін қалай бағалайсыз?
– Қазақстан соңғы жылдары айтарлықтай трансформациядан өтті. Бұл қиындықтар көбіне сыртқы жағдайларға емес, компаниялардың өздері жасайтын қаржылық тәуелділікке және ішкі құрылымдық мәселелерге байланысты болды. Мысалы, проблемалы несие көлемінің көптігі және әлсіз корпоративтік басқару осы қиындықтарды тудырды. Менің ойымша, ел соңғы екі онжылдықтағы қиын кезеңдерден кейін жағдайды өзгерте алды.
Қазақстан неғұрлым жетілген макроэкономикалық саясатты, қаржы секторын реттеудің нығаюын және корпоративтік басқару стандарттарын жүйелі арттыруды көрсетеді. Банк жүйесі айтарлықтай тұрақты болды: капиталға, ашықтыққа және тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар айтарлықтай жоғарылады.
Бұл ретте жеке бизнес пен нақты сектор өсімінің жоғары әлеуеті сақталуда. Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы үшін негізі бар. Бұл институционалдық реформалар, экономиканы біртіндеп әртараптандыру және жеке капиталдың өсіп келе жатқан рөлі. Мұндай жағдайларда тәртіпті, ашық және стратегиялық жұмыс істейтін банктер ерекше маңызды. Дәл осындай қаржы институттары экономикалық өсімнің тірегіне айналуда.
– Қазақстанның ең ірі 8 банкінің қатарына кіретін банк - Bank RBK-ның тәуелсіз директоры болу сіз үшін қандай маңызға ие?
– Мен әрқашан Қазақстанмен ерекше байланысты сезіндім және Қазақстандағы ABN AMRO Bank-те жұмыс істеген кезеңде Bank RBK-ның қазіргі бірқатар өкілдерімен, соның ішінде басқарма төрағасымен қызмет еттім.
Бұл ретте менің тәуелсіз директор ретіндегі рөлім банкті жедел басқарумен байланысты емес. Бұл ең алдымен менеджменттің акционерлер, клиенттер және нарық алдындағы жауапкершілігі.
Менің міндетім – Директорлар кеңесіне стратегияға, тәуекелдерге және ашықтыққа фокусты сақтай отырып, ұзақ мерзімді тұрақтылықты нығайтуы үшін көмектесу және кеңес беру. Сондай-ақ, клиенттер мен акционерлерді қоса алғанда, барлық мүдделі тараптардың Банктің ұзақ мерзімді дамуынан пайда алуын қамтамасыз ету.
– "Сіздің ЕҚДБ, FMO, ABN AMRO-да халықаралық тәжірибеңіз мол. Осы тәжірибенің қайсысын Қазақстанда қолдануға болады?"
– Үш негізгі аспекті бар.
Біріншісі - тәуекелдерді басқару мәдениеті: яғни, тәуекелге деген көзқарастың айқын болуы, несиелеу тәртібі және шешім қабылдаудың ашықтығы.
Екіншісі - сенімнің негізі ретінде капитал мен өтімділік.
Үшіншісі - корпоративтік басқарудың сапасы: Директорлар кеңесі менеджментті ауыстырмаса да, ол стандарттарды белгілеу кезінде көмектесіп, кеңес бере алады. Олардың орындалуын бақылай алады және жалпы көріністі көре отырып, ұзақ мерзімді перспективада банкке қарай алады.
Бұл тұрғыда менің ЕҚДБ мен Қазақстандағы ABN AMRO-дағы іс жүзіндегі тәжірибем пайдалы болады деп ойлаймын.
– Сізді білмейтін оқырмандар үшін: Bank RBK-ға сіздің тәжірибеңіздің қай бөлігі пайдалы болады?
– Екі нәрсе. Біріншісі - корпоративтік басқару мен тәуекелдерді қадағалаудың халықаралық тәжірибесі: Директорлар кеңесі стандарттарды қалай белгілейді және олардың орындалуын қалай бақылайды. Екіншісі - банктің тұрақтылығы несиелеу сапасымен және ашықтығымен тікелей байланысты болатын әртүрлі экономикалармен және бизнес орталармен жұмыс істеу.
Мен Қаржы министрі болып жүрген кезінде Болат Жәмішевпен танысуға мүмкіндік алдым. Ол өте парасатты адам. Қазір ол Директорлар кеңесін басқарады. Өзімді сол кеңестің құрамына органикалық қосымша деп санайтынымды айтқым келеді.
– Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева бұған дейін банк сатуды қарастырмайтынын және тұрақты дамуға бағдарланғанын атап өткен болатын. Сіз бұл позицияны қалай бағалайсыз?
– Халықаралық тәжірибеде банктің ұзақ мерзімді және нақты құнын қалыптастыратын дәл осы ұзақ мерзімді тұрақтылық. Жылдам шешімдер кейде тартымды көрінеді. Бірақ олар клиенттердің, инвесторлардың және реттеушінің сеніміне кіре бермейді.
Мен банктің менеджментін бұрыннан білемін. Біз Қазақстандағы ABN AMRO кезеңінде бірге сәтті жұмыс істедік. Сондықтан олардың басқару тәсілдерін, шешім қабылдаудағы тәртібін және стратегиялық ойлауын жақсы меңгердім. Бұл даму басымдықтарын нақты түсінетін кәсіби команда.
Егер банктің мықты командасы және түсінікті стратегиясы болса, Директорлар кеңесі даму, тиімділік және тәуекелдер арасындағы тепе-теңдікпен табиғи өсу бағытын сақтауы керек.
– Сіз менеджменттің рөлін жиі айтасыз. Неліктен бұл негізгі фактор?
– Себебі стратегия жүзеге асқанда ғана өміршең болады. Директорлар кеңесі тәуекел ету шамасы басқару стандарттары, ашықтыққа қойылатын талаптары сияқты шеңберді белгілейді. Бірақ оны процестерге, өнімдерге және күнделікті шешімдерге айналдыратын менеджмент. Рөлдер былай дұрыс бөлінуі керек: Кеңес - стратегия және қадағалау, менеджмент - орындау және нәтиже. Бұл шек нақты анықталған жағдайда, банк ұзақ мерзімді перспективада табысты бола алады. Қазіргі топ-менеджмент командасының жетістіктері туралы айта отырып, бірқатар көрсеткіштерді келтіруге болады. 2018 жылдан бастап, банкте басқару командасы өзгерген кезде, активтер 5 есе өсті. Ннесие портфелі 6 есе өсті. Капитал 4,6 есеге артты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 172 млрд теңге шығынмен салыстырғанда 2025 жыл үшін таза пайда 64 млрд теңгені құрады.
– Сонымен қатар, банк секторды сауықтыру кезеңінде алынған мемлекеттік көмекті толығымен өтеді…
– Белгіленген мерзімнен 7 жыл бұрын 247 млрд теңгені қайтару - бұл топ-менеджмент пен басқа да мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болған маңызды кезең және аса оң белгі.
Сондай-ақ, бұл барлық негізгі қатысушылардың банктің табысты және тәуелсіз болашағына деген сенімін көрсетеді.
Шын мәнінде, бұл банктің қалпына келтіру режимінен өзінің тұрақтылығы мен ашық басқару стандарттарына негізделген қалыпты бәсекеге қабілетті модельге ауысуын білдіреді.

– Bank RBK-ны жиі заңды тұлғалар мен нақты секторға несие беруде мықты ойыншы деп атайды. Бұл қаншалықты рас?
– Иә, әрине, банк нақты секторда және жеке секторда күшті позицияларын сақтайды. Бұл біздің клиенттеріміздің бірқатар әсерлі табыс тарихымен расталады. Bank RBK-да заңды тұлғаларға берілетін қарыздар несие портфелінің жалпы көлемінің 52%-ын құрайды. Бұл ретте банктің кредиттік портфелінің сапасы жақсы. Мәселелі проблемалық несиелердің (NPL) үлесі өте лайықты деңгейде - 3,4%-да сақталған.
– Сіздің ойыңызша, бұл бағытта банкке нені сақтау және нығайту маңызды?
– Мен бірнеше басымдықты көремін. Біріншісі - салалық фокус және сараптама тереңдігі. Қалай болса да өсуден гөрі аз болса да сапалы болғаны дұрыс. Екіншісі - тәуекелді бағалау стандарттары. Корпоративтік несиелеуде портфельдің сапасы бәрін шешеді. Үшіншісі – бизнеске арналған сервис және жылдамдық: цифрлық шешімдер, болжамды процестер, түсінікті мерзімдер маңызды.
– Сіз соңғы жылдары банктегі қандай өзгерістерді ең маңызды деп санайсыз?
– Сырттай, әдетте, цифрлық өнімдер көрінеді. Бірақ ішкі жағынан қарасақ, негізгі - басқару сапасы және тәуекел-менеджменті. Материалдардан және командамен талқылаулардан көріп отырғанымдай, Bank RBK-да корпоративтік басқару, тәуекелді -қадағалау және операциялық тәртіп күшейтілді. Бизнес пен корпоративтік клиенттерге арналған сервистің дамуын бөлек атап өткім келеді. Бұл нарықтың ең бәсекеге қабілетті сегменттерінің бірі. Нәтижесінде, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша коммерциялық банктер арасында Bank RBK несие портфелінің мөлшері бойынша 6-орынды, капиталы бойынша – 7-орынды, активтері бойынша - 8-орынды иеленді.
– Bank RBK-ның алдағы жылға арналған стратегиялық басымдықтарын қалай көресіз?
– Мүмкін, маған бұл сұраққа толық дәлдікпен жауап беруге әлі ерте шығар. Дегенмен, менің ойымша, басымдықтар келесілерді қамтуы тиіс: портфельдің тұрақтылығы мен сапасы, одан әрі инновациялар мен қосылған құндылығы бар өнімдер есебінен клиенттер базасының өсуі. Әсіресе бизнес пен кәсіпкерлер үшін, шығындар мен кірістердің арақатынасының қолайлы деңгейін сақтау. Яғни ұйымның тиімділігін арттыруға арналған бағытты жалғастыру. Сондай-ақ процестердің операциялық тиімділігі мен технологиясын одан әрі жетілдіру.
Директорлар кеңесі тепе-теңдікті сақтауға: тәуекел бөлігіндегі тәртіпті жоғалтпай дамуға көмектеседі. Тәуелсіз директорлардың құндылығы да осында. Сыртқы көзқарас, алғышарттарды тексеру және стандарттарды қадағалау.
– Сіздің тағайындалғаныңызға байланысты клиенттер мен нарыққа не айтар едіңіз?
– Менің негізгі қағидатым қарапайым. Сенім жылдамдықтан гөрі құнды. Мен өскен ел Нидерландта шамамен былай деп аударуға болатын нақыл сөз бар: "Сенім жаяу келіп, атпен кетеді". Яғни оған ұзақ уақыт жетесің, бірақ тез жоғалтып алуға болады.
Сондықтан Bank RBK-ға ашықтықты сақтау, капитал мен өтімділіктің күшті көрсеткіштерін сақтау және клиентке бағдарлануды жалғастыру маңызды.
Мен Bank RBK-ның стратегиясына және таңдалған даму бағытының тұрақтылығына нық сенемін. Тәртіпті, басқару сапасын және нақты секторға фокусты сақтай отырып, банк өз позициясын нығайтуды жалғастыратынына сенімдімін. Мен Bank RBK-ның Қазақстан экономикасы үшін сенімді серіктес беделін нығайтуға үлес қосамын деп ойлаймын.
Сондай-ақ, жалпы Қазақстанның қаржы нарығы мен экономикасының әлеуетіне сенемін. Елдің ұзақ мерзімді өсімі үшін берік негізі бар және мықты әрі жауапты банктердің рөлі маңызды. Себебі дәл осылар экономиканың тірегі.
ҚНРДА-мен берілген 2021 ж. 05 сәуірдегі № 1.2.100/245/41 лицензия.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған