“Бұрын аш едім, қазір тоқпын”: Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысына жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады

Қазақстандық ММА жауынгері әрі актер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлынан жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жекпе-жектен кейін Еркебұлан Тоқтар айқас туралы пікір білдірді.
"Мен өзімді толық жеңілдім деп санамаймын, бірақ жеңдім деп те айта алмаймын. Бірінші раунд менікі болды, екіншісін бердім, үшіншісін өзіме жазар едім. Дегенмен соңғы шешімді төрешілер шығарады. Бұрын жекпе-жекке аш шығатынмын, қазір тоқпын. Ал тоқ адамға төбелесу қиын", – деді Еркебұлан Тоқтар.
Айта кетейік, жекпе-жек жеңіл салмақта қолғаптағы бокс ережесі бойынша өтті. Тартысты өткен бәсекеде төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрланбекұлына берді.
Қазақстандық медиа жұлдыз Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық жауынгерді жекпе-жекке шақырды
Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған өзбекстандық файтер үш жылға түрмеге қамалды
Осылайша Марсель Нұрланбекұлы кәсіби мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды.
Ал Еркебұлан Тоқтар бұған дейін 2025 жылы өзбекстандық Тимур Никулинмен жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді