Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылы әлеуметтік сақтандыру қорының басшылары 109 миллион теңгеге жуық табыс тапты

Орта есеппен әр басқарма мүшесіне айына шамамен 2,3 миллион теңгеден алған

Фото: Ru.freepik.com

Қор жарияланған корпоративтік деректеріне сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 2025 жылы басқарманың төрт мүшесіне 108,7 миллион теңге төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл көрсеткіш мемлекеттік қор үшін кемінде соңғы 5 жылдағы рекордтық деңгей. Орта есеппен әр басқарма мүшесіне айына шамамен 2,3 миллион теңгеден, яғни 2025 жылы жалпы 27,2 миллион теңгеде алған.

2024 жылы қордың төрт басқарма мүшесіне 75,3 миллион теңге төленген. Яғни, әрқайсысы жылына орта есеппен 18,8 миллион теңге алған. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 30,7%-ға аз. Ал 2023 жылы жалпы сома одан да төмен болған, яғни бір ғана басқарма мүшесіне 34,7 миллион теңге төленген.



Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры — 2005 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істейтін қор. Оның негізгі қызметтерінің бірі — жұмыс берушілердің әр қызметкер табысынан 5% көлемінде әлеуметтік аударымдарын жинақтау.

Қордың басқармасында барлығы төрт адам бар:

  • Алмас Құрманов — 2025 жылғы 10 қаңтарда тағайындалған;
  • Біржан Жүнісов – 2025 жылғы 8 қаңтарда тағайындалған;
  • Марат Жаныбеков – 2024 жылы маусымда тағайындалған;
  • Инна Стратулат – 2025 жылы наурыздан бастап тағайындалған.

Олардың барлығынде мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Мысалы, Құрманов 2007-2008 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған, ал Жүнісов 2019 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. Қазір ол жерде жұмыс істемейді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 15:16