Вьетнамға демалуға барған қазақстандық әйел ұйықтауға кетіп, ертесі оянбай қалған

Вьетнамның Фукуок аралында демалып жүрген қазақстандық туристің анасы мезгілсіз қайтыс болды. Туристік агенттік басшысы Дами Каримжанова Stan.kz тілшісіне марқұмның жағдайы кенет нашарлап, жергілікті жедел жәрдем шақырылғанын, алайда анасы оянбағанын, қазіргі кезде денесін елге жеткізу мәселесі шешіліп жатқанын айтты.
“Мәйітті сойдырудан бас тарттық”
Турагенттік басшысы Дами Каримжанова баяндағандай, турист өз анасымен бірге сапарға шыққан.
“Біз, әуелі, туристке көңіл айтамыз. Аты-жөнін айта алмаймыз, себебі рұқсат берілмеген. Біз бәріміз үнемі оның қасынан табылуға, туындаған мәселелерді шешуге тырысып жатырмыз. Негізгі айтылғаны, қызы өзін кінәлі сезініп жатыр деген сөздер де айтылды. Бұл өкінішті жағдай, себебі анасы егде жастағы әйел еді. Мұндай сәтті ешкім болжай алмайды. Турист өз анасымен бірге Вьетнамның Фукуок аралына барамыз деп тур сатып алған еді. Анасы ұйықтамай тұрып, бәрімізбен сөйлесті, видеолар көрсетіп үлгерді. Қызға бәрі ұнаған, бәрі тамаша болған. Сөйлесіп жатқанда тағы сол жерде рейске тіркелуді жоспарлағанбыз. Сол сәттердің бәрін талқылап алдық. Сөйтіп бәрін жоспарлап алған соң бәріміз ұйықтап кеттік", – деді турагент Дами Каримжанова.
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған марқұмның қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан.
"Бәріміз шошып, қатты қорқып қалдық. Анасы оянбай жатқанын айтып, жергілікті жедел жәрдем шақырған. Бірақ менің ойымша, ол кісі түнде қайтыс болған. Өйткені ол оянғанда анасы мүлде оянбапты. Осылайша, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Қазір оны тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр", – деді турагент.
Турагент Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен, туристік компания "Туристік Қамқормен" және сақтандыру компаниясымен байланысқан. Сақтандыру компаниясы барлық құжатты марқұмнан ертең, яғни 16 желтоқсанда қабылдайтынын және оны елшілікке, ары қарай сақтандыру компаниясына және рәсім агенттігіне беретінін хабарлаған.
“Мәйіт туралы мәселелердің бәрін марқұмның қызы өзі консулдықта шешіп отырды. Естуімше, өйткені егер денесі тілгілінсе, онда елге мәйітін жеткізу ұзаққа созылады. Ондай жағдайда шамамен 2-3 ай күтуге тура келеді. Марқұм туристіміздің жасы 54-те еді. Қыздың жасы 24-те. Қызынан сұрағанда бұрын анасының қандай да бір диагноздары немесе аурулары жоқ екенін және бәрі жақсы болғанын айтқан", – деді турагент.
Басшының сөзінше, бұл тек ажал, басқа түсіндіретін нәрсе жоқ. Компания туристермен үнемі байланыста болған, күнде сөйлескен, қызы белсенді әрі позитивті болған.
“Елшілік аудармашы жібермеген. Елшілікке барған кезде сұрақтар вьетнам және ағылшын тілдерінде дайындалған. Бәрі дұрыс өткен, алайда жағдай қорқынышты болған, марқұмның қызы күйгелектеніп, қорқып кеткен. Қазіргі кезде қыз сол жерде қалып, бүгін оралуды жоспарлап отыр, бірақ қалғысы келетінін айтқан. Туристің туыстары оның психикасы бұзылып кетеді деп қорқып отыр. Денені тасымалдау шамамен екі аптадан кейін жүзеге асырылмақ. Сақтандыру барлық шығынды жабады, алайда нақты сомасы кейін хабарланады", – дейді Дами Каримжанова.
“Министрлік не деп жауап берді?”
Осы мәселеге қатысты редакция "Туристік Қамқор" компаниясына және сыртқы істер министрлігімен байланысқа шығуға тырысты. Алайда телефон тұтқасын көтермеді.
Ал бұл жағдайға туризм комитеті туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті шетелде болған туристердің қауіпсіздігі және туристік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты соңғы оқиғаларға түсініктеме берді.
"Комитет аталған мәселе бойынша азаматтардан, туристік компаниялардан немесе өзге де мүдделі тараптардан Комитеттің атына ешқандай өтініш түспегенін хабарлайды. Сонымен қатар шетелде жүрген туристерге көмек көрсетуге қатысты мәселелер, оның ішінде өлім жағдайы болған кезде мәйітті елге қайтаруды ұйымдастыру туристік сақтандыру шарттарымен реттелетінін атап өтеміз. Мәйітті шет елден тасымалдау қолданыстағы сақтандыру полисі аясында және халықаралық әрі ұлттық талаптарға сәйкес сақтандыру компаниясы арқылы жүзеге асырылады", – деп жауап берді туризм индустриясы комитеті.
Туризм индустриясы комитеті турист пен сақтандыру ұйымы арасындағы қатынастарға араласпайды және қаржыландыра алмайды. Мәйітті тасымалдау немесе басқа сақтандыру қызметтері үшін туристер немесе олардың өкілдері сақтандыру компаниясына немесе ассистанс қызметіне жедел жүгінуі керек екен.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді