Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл сайысқа қатыспағаны дұрыс еді": Рыбакина Берлиндегі турнирде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

елена рыбакина

Рыбакина екінші айналымда хорватиялық Донна Векичке қарсы ойын өткізген. 2 сағат 14 минутқа созылған матч 6:7, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. 

Przegląd Sportowy басылымының журналисі Мацей Требски қазақстандық теннисшінің жеңілісіне қатысты пікір білдірді. 

"Бұл сайысқа қатыспағаны дұрыс еді. Рыбакина бірнеше күн ауырып, қайта қалпына келу үшін тағы бірнеше күн керек болды. Меніңше, "Уимблдонға" жақсы формада келеді. Себебі бұл корттар Рыбакинаның стиліне жақын", – деп жазды ол. 

Айта кетейік, Францияның ашық чемпионатында Рыбакина денсаулық жағдайына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан еді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 22 Маусым, 2023 07:48