Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалық шағымды осында өткіздім": Өскемендегі даудан кейін қалаға жаңа әкім тағайындалды

Президент әкімшілігінің қаулысымен Өскемен қаласының әкімі болып Алмат Ақышов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

"Президент әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісу бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімімен қабылданған қаулыға сәйкес Өскеменге әкім болып Алмат Талғатұлы Ақышов тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ол Өскемен қаласында өскен және еңбек жолын да осы қалада бастаған. Алмат Ақышов облыс орталығының өзіне жақсы таныс әрі қымбат екенін атап өтті.

"Бұл қала мен үшін бөтен емес. Мен балалық шағымды осында өткіздім. Осы қаланы жақсы білемін және сүйемін. Маған жүктелген міндеттер түсінікті. Сенім білдіргендеріңізге үлкен рахмет", – деді Алмат Ақышов.

Әр жылдары Алмат Ақышов туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген. Ұлан ауданы аппаратының жетекшісі, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болған.

Соңғы екі жылда Күршім ауданының әкім қызметін атқарды.



Еске салайық, бұған дейін 27 қарашада Өскемен әкімі Жақсылық Омар қала әкімі қызметінен кететінін жариялаған еді. Ол бұл шешімін өз өкілеттігінің мерзімі аяқталуымен түсіндірді. Бұдан бөлек кейінгі уақытта өскемендіктерге экологияда ауа ластанып, қолайсыз  жағдай туғызды. Қала тұрғындары өздерін нашар сезінетінін айтып шағымданды: бас ауруы, жүрек айну, құсу, жөтел және дене қызуының көтерілуі.

Талқылау