"Бұл дәстүрмен мақтанамыз": Ағайынды бауырлар бір қызға үйленді
Фото: economictimes.kz
Үндістанның Шиллай ауылында туған ағалы-інілі бауырлар ежелгі дәстүр бойынша бір қызға үйленді. Бұл туралы Economic Times жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хатти халқының өкілдері Прадип пен Капил Неги үш күнге созылған үйлену рәсімінде Сунита Чауханмен некелесті. Джодидар немесе джажда деп аталатын бұл сирек дәстүр Химачал-Прадеш штатының кейбір қауымдарында ғана сақталған.
"Біз бұл дәстүрді ашық түрде ұстанамыз, өйткені онымен мақтанамыз, әрі бұл — ортақ шешіміміз", — деді Прадип.
Ал оның інісі Капил: "Біз жұбайымызға біртұтас отбасы ретінде қолдау, тұрақтылық және махаббат береміз", — деп қосты.
Хатти тайпасында көпкүйеулілік дәстүрінің практикалық себептері бар. Хатти халқы кеңесінің бас хатшысы Кундан Сингх Шастридің түсіндіруінше: "Тайпалық қоғамда бірнеше ер адамнан құралған үлкен отбасы — бұл қауіпсіздіктің кепілі". Бұл дәстүр қиын таулы жағдайда отбасылық жердің бөлініп кетуіне жол бермеген.
Бүгінде бұл тәжірибе сирек кездессе де, Химачал-Прадеште әлі де заңды түрде мойындалады. Рәсім халықтың билерімен аталып өтеді және барлық қатысушылардың толық келісімімен өтті.
"Мен хатти дәстүрін білетінмін және өз еркіммен осы одақтың бір бөлігі болдым", — деді Сунита Чаухан.

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
