Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл балет емес, көкпар": Қазақстандық депутат көкпарда "қамшымен ұрды" деп шағымданған қырғызстандықтарға жауап берді

Қазақстандық депутат Айдарбек Ходжаназаров Астанадағы көшпенділер ойындарында өткен көкпардан финалға байланысты қырғызстандықтардың шағымына жауап берді. Ол қамшы соққысынан қорқатын спортшыларға көкпар ойнамауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Айдарбек Ходжаназаровтың Instagram парақшасынан скринделген

Депутаттың аутыуынша. әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарап, көпшіліктің көкпар ережелерін білмейтінін түсінуге болады.

"Негізгі шайқас алаңда өтті. Шынында да, алаңда қазақстандық ойыншы қырғыз ойыншысын қамшымен ұрды. Бірақ менің ойымша, егер сіз қамшы соққысынан қорықсаңыз, көкпар ойнамаңыз. Кешіріңіз, бұл – ойын. Көкпарда сізге үнемі қамшы соққысы тиеді", – деді Ходжаназаров.

Депутат төреші Қазақстан құрамасының ойыншысын қарсыласының бетінен қамшымен ұрғаннан соң екі минуттан кейін барып ойыннан шығаруына байланысты пікірін айтты. 

"Қырғызстан тарапының талабы: “неге төреші ойыншының соққыға жығылғанын бірден көрмеді?” деген болды. Бұл футболда да, хоккейде де барлық жерде болып тұрады. Төреші көрмеді, біраз уақыттан соң қайталау арқылы байқап, ойыншыны екі минутқа алып тастады. Іс жүзінде таймның соңына дейін жасалынды. Қырғыз құрамасының тағы бір талабы: "Біздің қарқынымызды бұздыңыздар" дейді. Кешіріңіз, бірақ бұл халықаралық ойын деңгейі. Сіздер кәсіпқой ойыншысыздар. Сондықтан бұл жерде қандай қарқын болуы мүмкін? Ойында қырғыздар 3:1 есебімен алға шықты. Кейін барып Қазақстан 5:4 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс таза әрі лайық болды деп санаймын", — деп қосты мәжілісмен.



Қожаназаровтың айтуынша, кезінде қазақстандық көкпаршылардың бірі Қырғызстанмен ойын кезінде қысымнан алған жарақатынан жансақтау бөліміне түскен. 

"Міне, Қырғызстаннан келген қарсыласын қамшымен ұрған біздің ойыншы... Бірнеше жыл бұрын оны қырғыз командасы жансақтау бөліміне түсіргені туралы білесіз бе? Неліктен бұл туралы ешкім үндемейді? Біздің қазақстандық ойыншы көкпар ойынынан кейін ауруханаға түсті. Оны қырғыз ойыншылары көкпар кезінде қысып тастаған. Алайда біз жанжал көтерген жоқпыз. Себебі бұл балет емес, көкпар. Егер сіз ойнағыңыз келсе, қамшы соққысына шағымданбаңыз. Біз, қазақстандық тарап кезінде ойыншымыз жансақтау бөлімінен кейін бірнеше ай бойы өз-өзіне келді деп шағымданған жоқпыз", – деп қосты ол.

Мәжілісмен Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешқандай матч-реванш болмайтынын алға тартты.

"Чемпионат көшпенділер ойындары аясында өтті, финал аяқталды. Егер жаңа ойын болса оны сол жақта көреміз", – деп түйіндеді Ходжаназаров. 

Еске салсақ, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдағы Қазақстанның жеңісіне қырғызстандықтар жаппай наразылық білдірген еді. Олар қазақстандық ойыншы қамшымен салып қалды деп шағымданды.

Талқылау