"Бұл әлі басы": Қырым көпіріндегі жарылысқа пікір білдірген Зеленскийдің кеңсесі соққының жалғасы болатынын меңзеді
Зеленский кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін мұның әлі “басы” екенін жазды және “заңсыздық барлығы жойылуы қажет” екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, Қырым көпірінде сенбі күні таңғы сағат алтылар шамасында жарылыс болды. Жүк көлігінің жарылуы төтенше жағдай нұсқасы деп танылды – бұл бақылау камерасының кадрларымен расталады.
Салдарынан екі вагон аралығы опырылып, жарылыс болған жерден өтіп бара жатқан пойыздың жанармай құйылған жеті цистернасы өртенген.
- Зеленский Путинмен келіссөздерден бас тартқанын растайтын құжатқа қол қойды
- "Қырымды Ресейдікі деп мойындасын": Илон Маск Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жолын ұсынды
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қырым көпіріндегі жарылыстан үш адам қаза тапқан, деп жазады РИА Новости Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Ер адам мен әйелдің денесі судан шығарылған.
Сондай-ақ, Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің иесі Краснодар өлкесінің тұрғыны екені айтылады.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан