Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Бұл - Жаңа Қазақстан үшін ұят": Арыстанбек Мұхамедиұлының баласы сотта жанжал шығарды (видео)

Сот залыда полиция мен Мұхамедиұлының туыстары арасында жанжал туындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Арыстанбек Мұхамедиұлына үкім оқылып, сот залынан шығарылғанда оның ұлы әкесін полициейлердің қолынан тартып алмақ болды. Жанында ересек бір әйел бар.

Күзетшілер оларды сотталушыдан ажыратып, кері шегіндірді. Тіпті ұлының қолын қайырып тыныштандыруға тырысқандарын да байқауға болады.

Алайда ол сот үкімімен келіспейтін айтып, әділетсіздікке жол берілгенін жеткізді.

“Бұл ұят! Бұл бәрі үшін ұят! Жаңа Қазақстан үшін ұят!”, – деді ол. 

Сонымен қатар полиция әкесі мен ұлының құшақтасуына кедергі келтірді. 

Бұған дейін сот Арыстанбек Мұхамедиұлын 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ, сот Мұхамедиұлын мемлекеттік наградалардан айыру туралы қаулы шығарды.

Сот шешімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 20 Маусым, 2023 18:45
Талқылау