Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұған ешкім де сенбейді: Денесі шұңқырдан табылған қыздың ата-анасы оның суицид жасағанына күмәндануда

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалып кетіп, денесі су жиналатын шұңқырдан табылған оқушы қыздың ата-анасы оның өлімі туралы айтты. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана қызының өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске сала кетсек, СҚО-да жоғалып кеткен 17 жастағы қыздің денесі шұңқырдан табылған еді. Ол шұңқырдағы суға батып кетіп, көз жұмған. СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер қыздың денесінде күштеп өлтіру белгілері жоқ екенін айтты. Марқұмның сырт киімі мен ұялы телефоны шұңқырдың шетінен табылыпты.

Көз жұмған қыздың ата-анасы оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

«Мен бұған сенбеймін. Қызымның суицид жасағанына сене алмаймын. Ол бұлай жасамайды. Ешқашан сенбеймін», - дейді қыздың анасы Наталья Пономарева.

«Ол өздігінен өзіне қол жұмсады дегенге сене алмаймын. Бұған ешкім де сенбейді. Мектептегілер, тіпті, директор да сенбей отыр», - дейді көз жұмған қыздың әкесі Сергей Пономарев.

Екатерина психолог болуды армандаған. Ол көзі тірісінде мектебінің мақтанышы, мұғалімдердің сүйікті оқушысы болыпты. Көптеген олимпиадада жеңіске жетіп, түрлі диплом мен мақтау қағаздарын алған.

«Ол белсенді, жақсы адам еді. Қандай да бір істі оңай бастап кететін», - дейді мектеп директоры Лилия Черказьянова.

Талқылау