Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұзақылар отандық продюсердің инста-парақшасын бұзып, кері қайтару үшін ақша сұраған

Желідегі алаяқтық күн санап өршіп барады. Алаяқ-хакерлер оқырманы көп парақшаларды бұзып алу арқылы пайдаға кенелуді әдетке айналдырғаны қашан?! Сорақысы сол, біреудің дүниесіне қол сұққандар көп жағдайда жазасыз қалып кетеді, деп жазады Stan.kz.

Мәселен, жуырда алаяқтар отандық продюсер Алтынбек Рахметовтың инста-парақшасын бұзып алған. Ол аз десеңіз, кері қайтару үшін ақша талап еткен. Бұл туралы продюсер Эрик Тәстембеков айтып берді.

“Досым әрі әріптесім Алтынбек Рахметовтің инстаграм-парақшасын әлдекімдер бұзып алды, артынша: “30 мың рубль төлесеңіз, қайтарып береміз”, – деп хабарлама жіберіпті. Ал Алтынбектің бұған берген жауабын оның өз парақшасынан оқыңыздар”, – деп жазды танымал продюсер.

Рахметов алаяқтардың ығына жығылмастан, желіге қайта тіркелуді жөн деп шешкен.

“Менің инстамды бұзып тастады, оны бір белгі деп қабылдадым. Ендігі парақшам осы. Ғұмыры ұзаққа созылады деп сенемін. Оқырмандарыма қош келдіңіздер деймін. Достар мен әріптестер, репост жасап, қолдау білдірсеңіздер”, – деп жазды ол.

Сонымен алаяқ-хакерлер тағы да жазасыз қалатын болды.

Жіберіп алмаңыз:

Тарихта алғаш рет: Қазақ жігіті Италиядағы өнер академиясына оқуға түсті

«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді

Концертінде ән мәтінін ұмытқан Керменбаев мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді

Бақытбек Есентаевтың қарындасы көңілге мұң ұялататын естеліктерімен бөлісті (фото)

Талқылау