Бұрынғы екі күйеуіне зәулім үйлерін қалдырып кеткен Шахизаданың өзі қайда тұрып жатыр? (фото)
Екі рет тұрмыста болып ажырасқаннан кейін Шахизада зәулім үйлерін бұрынғы күйеулеріне тастап кеткен. Екі рет опық жеген әнші енді мұндай қателікке бой алдырмас.
Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
“Ел тағы да айтатын шығар Шахизада күйеулерімен ажырасқанын айта берді ғой деп. Сондықтан өткенді еске алғым келмейді.
Бірінші күйеуімнің кесірінен солай болды, бір үйімізді біреулерге сыйлап жібердік. Қарыз болған ба, білмеймін ғой. Бұның алдында үш қабатты коттеджде тұрдым, оны да сыйлап тастап кеттік. Соны есептегенде, бұл – бесінші үй”, – деген Шахизада қымбат дүниеге толы өз үйін көрсетті.
Қанша қиындық көрсе де мойымаған әнші ән салып тапқан табысына жаңа үй тұрғызып алған. Бүгінде сол үйде жалғыз ұлы мен келінімен бірге тұрып жатыр.
“Үй соғу, оның ішін әдемілеу деген – үлкен уақыт, күш қуат пен сабырлықты талап етеді”, – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Бибігүл Төлегенова: Құдайға шүкір, су тасып, қолмен кір жуған күндерім де болды
Абай Бегей әріптестерінің пәтерден-пәтерге көшіп қиналып жүргендерін айтты
Баян Мақсатқызы: Мен біреудің иті, ал Тұрсынғали біреудің бұзауы емес
Әнші Әдемі итальяндық жігітін тастап, түркиялық кәсіпкермен көңіл қосты