Басқа актерлердің жанына отырудан бас тартқан: Бурак Озчивит Ташкент кинофестивалінде жанжал тудырды
Ташкентте өткен 14-ші кинофестиваль әлемге әйгілі актер Бурак Озчивит пен актриса Нұргүл Есілтай басқа әртістермен бірге сахнаға шығудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дөңгелек үстел кезінде әртістер сахнаға шыққысы келмегендерін айтқан. Танымал тұлғалардың мұндай көзқарасы басқа әріптестерін ренжітті. Әріптестері олардың бұл әрекетін менмендіктің көрінісі ретінде бағаланды.
"Түркия атынан 12 адамнан тұратын үлкен делегациямен келген халықаралық шарада олар біздің қасымызға отырғысы келмеді, ұйымдастырушылар бәрімізді сахнаға шақырды, бірақ біздің екі адам қасымызға отырғысы келмеді. Сахна артында "Мен бармаймын, ол жерде отырмаймын" деген сөздерді естідік”, - деді актерлер.
Жанжал ұзақ уақыт бойы басылмай, жанкүйерлер мен басқа өнер иелерінің арасында дау тудырған. Сондай-ақ телебағдарламада Сердар Гөкхан, Бурак Озчивит қызғаныштан әріптестерімен бірге отырғысы келмейтіні туралы айтқанын естігенін мойындады. Актердің айтуынша, олар Түркиядағы ең жоғары жалақы алатын актерге қызғаныш білдірмейді.
Айта кетейік, Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демирджан Ташкентте өткен фестивальде түрік өнерпаздарының мінез-құлқы үшін шараға келген көрермендерден ресми түрде кешірім сұрады.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
