Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайда Назарбаевтар әулетіне тиесілі элиталық жер телімдері анықталды

Фото: ОФ "Салиқалы ұрпақ"

Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті Бурабай курортындағы беделді жер телімдері үшін соттасып жатыр. Учаскелердің қатарында Назарбаевтар әулетіне тиесілі жерлер де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бурабайдағы элиталық учаскелер арасында Назарбаевтар әулетінің де жерлері бар.

"Бурабай аудандық соты Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің "КИК-Астана" компаниясына, марқұм Болат Назарбаевқа және оның балаларына (Нұрбол, Ханбол, Хантөре, Альбина) қатысты, Бурабай ауданының жер қатынастары бөліміне қарсы берген шартты жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қараусыз қалдырды", – делінген хабарламада.


Тарих оқулығында Назарбаев туралы бөлімге 13 бет арналған: Білім мазмұнын сараптау орталығы себебін түсіндірді


Назарбаев тұсындағы соңғы үкімет: Бұрынғы министрлер қазір қайда


Қаңтар айында Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті "КИК-Астана" компаниясына және марқұм Болат Назарбаевқа талап арыз түсірген еді. Арызда Болат Назарбаевтың балалары Нұрбол, Ханбол, Хантөре және Альбина Назарбаевалар да көрсетілген. Алайда сәуір айында жер ресурстарын басқару департаментінің өкілі талап арызды кері қайтарып, бұл компанияға және Назарбаевтарға қатысты қайтадан шағымданбаған.

Бұл істің не себепті жабылғанына қатысты сауалға жер ресурстарын басқару департаментінің өкілі сол күйі жауап бермеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі Болат Назарбаевтың қызына қатысы бар фирмамен келісімшарт сомасын 4 есе ұлғайтқаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Қыркүйек, 2025 20:05
Талқылау