Бурабайда қаңғыбас иттерді атқан қызметкердің оғы адамға тиіп кеткен

Ақмола облысының Бурабай ауданында қаңғыбас иттерді атқан қызметкердің оғы әріптесіне тиіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бурабай ауданында кәсіпорындардың бірінің қызметкері абайсызда әріптесін жаралаған. Оқ оның аяғына тиген.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
"Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты, Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды", – деп хабарлады ведомство.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сондай-ақ полицейлер қолданылған қаруды тексеріп жатыр.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді