"Бүлікшілер көлігін өртеп кеткен": Қазақстандық күзетшіге мәдениет өкілдері көмектеспек
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мәдениет нысанын күзеткен күзетші қарақшылардың құрбаны болды. Күзетші жұмыс орнынан қашпай, қарулы күштерді күтіп тұрған сәтінде бүлікшілер оның көлігін өртеп кеткен. Отбасының жалғыз асыраушысы құны 2 миллион теңге тұратын темір тұлпарға қаражатты ұзақ жинаған. Бұл туралы отандық танымал продюсер Жан Мұқанов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қаңтар трагедиясы" кезінде мәдениет нысанының күзетшісі оны қорғады, қашып кетпей, қарулы күштерді күтті. Ал бұл уақытта бүлікшілер оның ескі "фольксвагенін" өртеп кетіпті", - деді Мұқанов.
Продюсердің айтуынша, ол 2 тәулік күзетші болып жұмыс істеп, келесі 2 күнде такси жүргізушісі болып, отбасын асыраған.
"Көлікке ақшаны ұзақ жинаған, құны - 2 миллион теңге.
Барлық өнер өкілдерін бастамамды қолдауларын өтінемін. 2000 адам 1000 теңгеден жіберсе, сомма толық жиналар еді.
Көмектесіп жіберейікші. Өз реквизиттерімді қалдырып, толық сомма жиналған кезде есеп беруге уәде беремін.
Карта нөмірі:4400 4301 7597 7054", - деді Жан Мұқанов.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"