Бүлдіршін қатты жылады: Жас ата-ана стример байқауын жеңу үшін бір жасар ұлына татуировка жасады

Видеодан скриншот
Ресейде жас ата-аналар атақты стример Mellstroy (Андрей Бурим) өткізетін байқауға қатысу үшін бір жасар баласына татуировка салдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қауіпсіз интернет лигасының жетекшісі Екатерина Мизулина ата-ананың ерсі әрекетін Telegram-каналында жариялады.
Мизулинаның айтуынша, стример өзінің онлайн-казиносын жарнамалау үшін ірі ақшалай сыйлықтары бар байқау ұйымдастырған. Қатысушылар TikTok-та вирустық контент жасап, жұрттың назарын аудару керек екен. Жарияланған кадрларда татуировка салдырып жатқан кезде жылаған бала көрсетілген.
"Ел бойынша мыңдаған жасөспірім бірнеше күннен бері шашын қырып, төлқұжаттарын жыртып, дүние-мүлкін бүлдіріп, өздерін өртеп жатыр. Бұл одан сайын нашарлай түседі, видеороликтер күн өткен сайын зорлық-зомбылыққа толы пен абсурдқа айналып барады. Енді олар төлқұжаттарды ғана емес,рельстерді де өртей ме?" – деді қауіпсіз интернет лигасының басшысы.
Видеодағы сәбидің анасы өз әрекетін қаржылық қиындықтармен түсіндірді. Ол байқауға тұрғын үй мәселесін шешемін деген үмітпен қатысқанын мәлімдеді.
Блогердің өзі де ата-аналардың әрекетін айыптап, қатысушылардың шектен шықпау керегін айтқан. Мизулина барлық жиналған материалды тергеу комитетіне процессуалдық тексеруге жіберуге уәде берді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған