Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл көше төбелесі секілді болады: Головкин Альвареспен өткізетін жекпе-жегі туралы

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін 16 қыркүйекте жекпе-жектің оңайға соқпайтынын айтты.

236355833

“Бұл жекпе-жек мен үшін де ол үшін де оңай болмасы анық. Менің ойымша, бірнеше раунд жақын дистанцияда өтеді. Ол мені зерттейді, ал мен оны. Бірақ жекпе-жектің екінші жартысы жарқын бола түседі. Ол көше төбелесі секілді болады. Алда үлкен күн күтіп тұр. Ең мықты қарсыласыммен жұдырықтасуға шыққалы отырмын, қатты толқып жүрмін”, – деді  Головкин, деп хабарлайды vesti.kz.

Осыған дейін, Головкин бір соққының жекпе-жектің және спорттық мансабын шешіп жіберуі мүмкін екенін айтты. “Жекпе-жек аяқталғаннан соң кімнің қайда баратынын ешкім білмейді. Үйге не ауруханаға”, – деді ол.

Сонымен қатар, Головкин жекпе-жекте жеңіске жетуге оқталып отырғанын айтты: Мен өзіммен белбеулерімді алып келдім, солармен бірге үйге қайтпақшымын”.

Еске салайық, Головкин – “Канело” жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Тағы да оқыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Өскеменде бекеттен жанармай құямын деп күйіп қалған жас жігіт көз жұмды

Қазақстанда 30 градустық ыстық болады деп күтілуде

Талқылау