Бүгін күллі қазақтың үкілеген үміті Михаил Шайдоров Олимпиаданың жүлдесіне таласады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров бүгін Олимпиада ойындарында жүлде үшін сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үздік бестікті түйіндеді. Енді ол мұз айдынына еркін бағдарламада бақ сынайды.
Михаил Шайдоров – Қазақстан мәнерлеп сырғанауының жаңа буындағы жарқын өкілі. Ол бұл жолда қазақ спортына тарихи жүлде сыйлаған Денис Теннің ізін жалғап келеді.
Денис Тен 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында жарқын өнер көрсетіп, үздік үштікке еніп, Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада медалін сыйлаған еді.
Бүгін сол сара жолды жалғаған Михаил Шайдоров айдын қожайындарына қарсы өнер көрсетіп, барша қазақ елінің үмітін арқалап шықпақ.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде иеленіп, араға 10 жыл салып Денис Теннің тарихи жетістігін қайталады.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды