Брэд Питтің өмірінде жаңа махаббаты пайда болды
Біраздан бері көпшілік алдына шықпаған 52 жастағы америкалық актер Брэд Питт тыңдармандарын өз жаңалығымен таңқалдырды.
Бұл туралы британиялық Grazia журналы хабарлайды.
Аталмыш басылымның хабарлауынша, актердің өмірінде жаңа махаббаты пайда болған. Олардың пайымдауларынша актер голливудтық актрисамен көңіл жарастырған болуы мүмкін.
Питтің сүйіктісінің нақты кім екені белгісіз, бір анығы олардың арасында шынындада махаббат бар көрінеді. Актердің жаңа махаббатымен кездесіп жүргенінен бірнеше айдан асқан.
Еске салсақ, өткен аптада Питке тағылған балаларына зорлық көрсету деген айып алынып тасталған еді. Енді актер балаларға қамқорлық көрсету мәселесінде Джолимен бірге құқық алуға жұмыс істей алады.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ
Түркияның әншісі Бурай Қайрат Нұртаспен бірге «Байқа» әнін орындады (видео)
Жазира Байырбекова болашақ келінін көрсетті (фото)
Әнші Нұрлан Әміров: Еркектің қыдырмайтыны жоқ, ол үшін сөкпеңіздер