Брэд Питт пен Анджелина Джоли ажыраспақ
Американдық БАҚ-тар голливудтың ең әдемі жұбы Брэд Питт пен Анджелина Джолиді ажырасауы мүмкін деп болжауда. Жұлдызды жұп үйленгендеріне екі жылдан асқан кезде айырылысуға бел буған көрінеді.
Оған себеп – актердің түсірілім алаңында француздық Марион Котийярмен байланысы болған, деп хабарлады Известия.
Соңғы бірнеше айдан бері БАҚ-та Брэди Питт пен оның алты баласының анасы, жұбайы Анджелина Джолимен ажырасатыны жайлы ақпарат таратылып келеді.
Бұдан бұрын ақпарат құралдары Питтің өзінің бұрыңғы сүйіктісі Гвинет Пэлтроумен байланысы болуы мүмкін деп хабар таратқан еді. Алайда бұл жоққа шықты.
Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2014 жылдың 23 тамызында некелерін заңдастырған болатын. Неке қию рәсіміне отбасы мүшелері мен жұптың достары қатысқан.
Жұптың қарым-қатынасы туралы 2005 жылы «Мистер және миссис Смит» фильмінен белгілі болды. 2012 жылы қос жұлдыз ресми түрде уәделескендерін жария етті. Кейін жұлдызды жұп алты бірдей баланы асырап алған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Анджелина Джоли Брэд Питтпен жақындасқан үй қызметшісін қуып жіберді
Брэд Питт испаниялық жанкүйерлерінен кішкентай қызды құтқарды (видео)
Анджелина Джоли күйеуіне айтпай жетінші баланы асырап алды
Джони Депп ең қымбат актер атағын ақтай алмағандар тізімінде көш бастап тұр