Британиялық қыз итінің арқасында 20 мың фунт стерлинг ақша жинады (фото)
Ақылды британиялық қыз өзінің итінің арқасында медициналық факультеттегі оқу ақысын жинап жатыр. 20 жастағы Джэсмин Милтон қазірдің өзінде 20 мың фунт стерлинг тауып үлгеріпті.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Ол қабағы түнеріп тұратын және көзқарасы суық көрінетін Ануко атты итінің суретін Инстаграм желісіне жүктеген. Үй жануарының жеке парақшасына 11 мыңнан астам адам жазылып үлгерген. Қазір адамдар қызға үнемі сыйлықтар жіберіп тіпті жарнамалық келісім-шарттар да ұсынып тұрады.
Суық түріне қарамастан, Ануко өте қайырымды және иесіне адал ит екен. Ол жиналған қаражатты өзінің дәрігер болу деген арманы жолында жұмсамақ.
Фото опубликовано Anuko (@huskyanuko)
Анукомен кездесемін дегенше, 2013 жылы қыз денсаулық жағдайынан әбден қиналып, тіпті өз-өзіне де қол жұмсай жаздаған.
“Жасым 18-ге толғанда мен өте қиын кезеңді бастан өткердім. Мен ол кезде өзімнің қосполярлы ауытқушылығым туралы білмедім. Мен барлық достарыммен араласпай, емтиханды да нашар тапсырдым”, – дейді иттің иесі.
Ол ауруханада жатқан кезде, дәл сондай ауруға ұшыраған итті серуендетіп осы дерттен айығуға күш салып жүргенін айтады. Төрт айдан соң Джэсмин үйіне кішкентай Ануконы алып келеді. Оның сөзінше, ол әу бастан-ақ өте керемет ит болған.
Көп өтпей-ақ екеуі бір-біріне жылдам бауыр басып, қыздың денсаулығы жақсара бастайды. Ол итті серуендетіп жүріп қоршаған ортаға басқаша көзқараспен қарап, өзге иттердің иелерімен танысып, қоғамға қайтадан сіңісе бастайды.
When your mum won’t stop picking you up to do lunges and squats on the beach…
Фото опубликовано Anuko (@huskyanuko)
Ануко тым кішкентай болған кезде де адамдар Анукоға жиі мән бере қарайтын.
“Екеуміз серуендеп жүрген кезде, оны сипап, тамақтандыру үшін алыстағы адамдар да жиі келетін. Ануконың ешкімге ұқсамайтын сырт келбеті адамдарды таңырқататын”, – дейді Джэсмин.
Ануко қанша оқырман жинай алады деп ойлаған Джэсмин ұзақ ойланбастан, Инстаграм желісінен итінің жеке парақшасын ашады. Осыдан соң-ақ ит те, оның иесі де танымал болып шыға келеді. Джэсминнен тіпті АҚШ, Жапония, басқа да мемлекеттердің журналистері сұхбат алған. Бастапқыда әлеуметтік желі арқылы ақша табуды жоспарламаған болатын. Мұны бір компания кеңес беріп үйретеді.
Қазіргі таңда қыз бен Ануконың сән агенттігімен келісім-шарты бар. Сондай-ақ, YouTube желісінде де жеке каналын қарауға болады. Қыз болашақта психиатр болуды армандайды. Осы арманына қол жеткізу үшін ол келесі жылы Болгариядағы Пловдива университетіне түсуді жоспарлап отыр.