Британдық бойжеткен селфи үшін отаға 17 мың доллар жұмсады
Ричмонд (Ұлыбритания) қаласының тұрғыны селфи-түсірілімде әдемі шығу үшін хирургиялық отаға 12 мың стерлинг (17 мың АҚШ доллары) жұмсады.
Бұл туралы Daily Mail жазды.
28 жастағы Шелли Скиннс (Shelley Skinns) түсірілімі сәтті шығуы үшін мұрны мен иегіне пластикалық ота жасатқан. Сондай-ақ бойжеткен көзілдірік киіп жүргісі келмей, көзінің көруін жақсарту үшін де хирургиялық операцияға жүгінген.
«Бұдан былай түсірген селфиіме көңілім толатын болды. Енді өз денемде өзімді жақсы сезінетін боламын», – деп мәлімдеді ол.
Скиннс 16 жасында түрлі қимылда тұрақты түрде өзін-өзі фотоға түсіре бастады. Енді бетінің фотодан әдемі көрінбейтін тұстарын осылайша жөнге келтіруді шешіп отыр.
Талқылау

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ

30 тәулікке қалдыра алады: Ұшаққа алып кіруге тыйым салынған заттар қайда сақталады
Жеке заттарды уақытша сақтау камерасына өткізуге болады