Дәрігерлер: порнографиялық фильмдер белсіздікке душар етеді
Британиялық психосексуалды терапия маманы Анджела Грегоридің айтуынша, порнографиялық фильмдер көріп, сексуалды проблемаға тап болатын жастардың қатары көбейген.
Грегоридің мәліметіне сүйенсек, 20 жас шамасындағы еркектердің қозулық әрекетсіздікке душар болуы жыл өткен сайын көбеюде. Дәрігердің пайымынша, оған бірден-бір себеп – ғаламторда кең етек жайған порнографиялық фильмдер.
«Соңғы 16, оның ішінде әсіресе соңғы 5 жылда біздің орталыққа жүгінетін жас жігіттердің саны артқан. Бұрындары біздің емханаға әлдеқайда егде жастағы еркектер жүгінетін. Олар көбінесе диабетпен, ұмытшақтықпен немесе жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан болатын», – дейді Грегори.
Енді денсаулығында кінәраты жоқ жас жігіттер де сексуалдық әрекетсіздікке тап болуда.
«Дәл осы себепті де порнография және өзін-өзі қанағаттандыру мәселесі мені қатты толғандырады. Себебі эрекция кезінде қиындық туғызатын да осылар», – деп түсіндірді дәрігер.
2014 жылы АҚШ-та жүргізілген зерттеуге сәйкес, 18-29 жас аралығындағы жастардың жартысына жуығы порнографиямен 13-жасқа дейін танысқан. Ал 2008 жылы бұл көрсеткіш небәрі 13%-ды құраған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Риолық жезөкше секс бойынша олимпиада алтынын алуды жоспарлап отыр (фото)
Ғалымдар: 1990 жылдары туған адамдар секспен сирек айналысады
Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды