Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бриллианттарыма дейін сенікі": Гүлзира Айдарбекова немересіне арнап жазба жариялады

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова немересі Алауға арнап, жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі биші немересіне батасын беріп, үлкен сахнаға шығуына сәттілік тіледі. 

“Бұл менің жекеменшік қызым – Алауым! “Ешкімге қойылмаған есімді қоямын, таңға дейін мені ешкім мазаламасын” деп бір бөлмеге жалғыз жаттым. Алғашқы қызығым Сезімді сезімтал болсыншы деп есімін қойып едім. Жаны нәзік болды. Енді “жұлқынып тұрған отты қыз болсын, көрген адамның көзін қарып кететіндей, жалындап тұрсын” деп Алау деген есімді ойдан құрадым. Енді бұл қызды ерекше жақсы көрем, әлі де арманым көп. Қызым, маған Алла өмір берсе, бриллианттарыма дейін сенікі, сен күшті билей бер! Титтей кезінен өзіне “Америкадан бір-ақ шығарамын” деп айтатын едім. Сезім өмірге келгенде атасы екеуіміз ессіз қуандық. Бірақ Жұлдыз келініме ұқсаған, аппақ, көзі бақырайған қыз күткенмін. Сөйтсем атасы мен әкесіне ұқсаған көзі корей екен. Ол қыз атасының қызы болыр кетті”, – деп жазды продюсер. 


  • "Дима Билан сияқты жұлдыз болады": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты не себепті ресейлік продюсерлерге бермегенін айтты

  • "Атасы мен әжесі қайда?": Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне барды


Сондай-ақ немерелерін әке-шешесінен қызғанған сәтін де жасырмады. 

“Одан кейін Алау дүниеге келді. Перзентханаға барғанда бірден бетін ашып қарадым. Көзі бақырайған қара қыз екен. Тура менің ойымдағыдай дүниеге келді. Оны мен қызғанып бөлмелерінен алып кетіп жүрдім. Атасы “Оларға жолата берме, біз қыз қылып алайық” деді. Бірақ мен баланы әке-шешесінен ажыратпайық деп апарып бердім. Алауымның бой жетіп қалғанына түс көргендеймін. Бұйыртса, арманым орындалып, қызым биіктен көрінуін Алла қабыл етсін! Көп тілеуі – көл деген, сіздер де әумин деп кетсеңіздер нұр үстіне нұр!”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Еске салайық, Қайрат Нұртас қызымен видео түсіремін деп сынға қалған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 12:56
Талқылау