Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда соғысының бәсеңдеуінен Brent маркалы мұнайдың бағасы 64 доллар өсті

Brent маркалы мұнай бағасы 9 сәуірдегі рекордтық деңгейге дейін құлдырап, 10 сәуірде барреліне 64,78 долларға дейін көтерілді. Бұған Трамптың сауда соғысын уақытша тоқтатуы себеп болды деген болжам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ru.freepik.com

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 6:40-та барреліне 64,78 долларға дейін өсті. Бір күн бұрын, яғни 9 сәуірде, мұнай бағасы рекордтық деңгейде төмендеп, барреліне 59,89 долларға дейін түскен еді.

Сондай-ақ WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы да өсіп, барреліне 61,82 долларға жетті. Ал бір күн бұрын, ол барреліне 56,66 доллардан сатылған еді. 

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, мұнай бағасындағы өзгерістерге сауда соғысы әсер етті.

“Дональд Трамп сауда соғысын 90 күнге тоқтатып қойды. Осыдан кейін Brent мұнайының бағасы бірден 64 доллар көтерілді. Сірә, жаһандық сауда соғысы тым көп маңызды мүдделерге әсер еткен сияқты", – дейді саясаттанушы.



Бұған дейін Brent маркалы мұнай бағасы 6%-дан астам төмендеген еді. Бұл 2022 жылғы тамыздан бергі ең ірі құлдырау болды.

Еске салсақ, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Тізімде 34%-дық тарифпен Қытай да бар. 4 сәуірде Қытай АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде барлық АҚШ өнімдеріне 34%-дық тариф енгізетінін жариялады. Жаңа тариф 10 сәуірден бастап күшіне енеді. 

Талқылау