Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел өзін Брэд Питтпін деп таныстырған алаяқ үшін миллионер күйеуін тастап кеткен

53 жастағы Анна есімді франциялық әйел желіде сөйлескен алаяқ үшін миллионер күйеуін тастап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Фото: Getty Images

Алаяқ өзін танымал актер Брэд Питтпін деп таныстырып, әйелден 830 мың еуроға (шамамен 450 млн теңге) жуық ақшаны алдап алған.

Дизайнер болып жұмыс істейтін Анна 2023 жылы әлеуметтік желіде күйеуі және қызымен түскен суреттерін жариялаған. Instagram желісінен "Джейн Этта Питт" есімді әйел жазып, өзін танымал актер Брэд Питтің анасымын деп таныстырған. Ол ұлына Анна сияқты әйел қажет екенін айтқан.


"Қызымның даусымен жол апатына түсіп қалдым деп хабарласты": Қазақстандық әйел алаяқтардың деректерді қайдан алатынын сұрап, үндеу жариялады


Кейін алаяқ жасанды интеллект арқылы жасалған суреттер мен видеолардың арқасында әйелді шын Брэд Питтпен сөйлесіп отырғанына сендірген. Алаяқ тіпті Аннаға үйленуге ұсыныс жасапты.

Жалған Брэд Питт бүйрек қатерлі ісігінен шалдыққанын, ота үшін ақша керек екенін, өз есепшоттары Анджелина Джолимен ажырасуына байланысты бұғатталғанын айтып әйелден қомақты қаржы сұраған. Осылайша әйел күйеуімен ажырасқаннан кейін алған бірнеше жүз мың еуроны алаяққа аударып жіберген.

Анна Брэд Питтті қазіргі сүйіктісі Инес де Рамон бірге жүргенін көргенде күдіктене бастаған. Алаяқ бұл жолы да жасанды интеллект арқылы жасалған видеолармен әйелді сендіруге тырысқан. Алайда Анна Брэд Питт пен Инес де Рамон жайлы жаңалықтарды зерттеген соң, өзінің алданғанын түсінген.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жасанды интеллектпен дауыс өзгерту арқылы алдайтын алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы жазған едік.

Талқылау