Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилиялық суретші көрермендердің алдында тыржалаңаш шешініп тастады (видео)

Бразилиялық суретші Вагнер Шварц Сан-Паулудағы көркемсурет музейінде атышулы перформанс жасап, толықтай шешініп зал ортасына жатып алды.

Танымал суретшінің бұл әрекеті қоғам өкілдерінің наразылығын тудырған. Әсіресе анасының рұқсатымен еркектің жалаңаш денесін ұстап көрген кішкентай қыздың әрекеті де адамдарды бей-жай қалдырмапты. Ал суретші болса өзінің бұл әрекеті арқылы әйгілі мүсінді Лидия Кларктың шығармашылығына көшірме жасадым дейді.

“Мен жалаңаш күйде отырсам немесе түрсам мен өз аудиторияма олардың менің денеммен байланыс орнатуына мүмкіндік беремін. Олар менің тәнімді пайдалана отыра картина құрайды”, – депті Вагнер. “Кішкентай қыздың өзі қатысқысы келеді. Ол кезде оның анасы қатаң бақылап отырды. Мұның ешқандай эротикалық мазмұны жоқ, музей рұқсат етті”, – деп атап өтті ол.

Дегенмен бұл түсініктеме адамдардың көңілінен шықпаған. Көптеген наразы көрермендерден шағым түскеннен кейін қала прокуратурасы істі тексеруді бастады.

Жіберіп алмаңыздар:

Көріңіздер: Болашақтың метросы қандай болады (видео)

Өзенге батқан баланы құтқарып қалған күйеу жігіттің суреті жұртты тәнті етті (фото)

Смартфоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектесетін 10 қулық

160 килограммға арықтаған бойжеткен жұрттың мазағына айналды (фото)

Талқылау