Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен сөйлесе бастаған жігіттерінің бірден басқаға үйленіп кете беретініне алаңдаулы

24 жастағы бойжеткен өзінің «отырып қалғаны» үшін алаңдап жүр. Ол, тіпті, осы күнге дейін жігітпен жүріп көрмеген екен. Сөйлесе бастаған жігіттерінің барлығы үйленіп кете беретін болған. Мұның сыры неде екенін өзі де түсінбейді.

adult-1807617_960_720

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Жасым жиырма төртте. Күйеуге шықпағанмын. Тұрмыс құрмай жүргеніме ата-анам алаңдауда. Сөйлескен жігіттерімнің барлығы басқа біреуге үйленіп кетіп жатыр. Басында мән бермейтінмін. Қазір жасым келген сайын ойлана бастадым. Күйеусіз қалатын сияқтымын. Достарым, туыстарым «Әлі жүрсің бе?!» деп сұрай береді. Расымен де, кейде «Неге мен жақындаған жігіттер үйленіп кетеді?» деп ойланамын. Жеңіл жүрісті емеспін. Өзім супермаркетте кассир болып жұмыс істеймін, түрім де жаман емес. Ата-анам «Тезірек біздің көзіміз тірі кезде тұрмысқа шығып ал» деп таныстарының арасынан маған күйеу іздеп жүр. Енді не істесем екен? Елдер бір емес, бірнеше күйеуге тиіп жатады. Ал маған соның біреуі де бұйырмады. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы», – деп жазады бойжеткен өзінің хатында.

Ләйлә Сұлтанқызы аталған хаттың иесіне тікелей эфирде хабарласып көрді. Бойжеткен кассаның алдында тұрса да, тұтқаны көтеріп, психолог маманның ақылын тыңдады.

«Қазір жігітім жоқ. Есімім – Жарқынай. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін жігітпен жүрген жоқпын. Танысып, енді жүре бастаған кезде осындай жағдай болады. Жігіттер менің бойымда не нәрсе ұнамайтынын білсем, өзім-ақ жөндеп алатын едім. Кеш қалдым деп те айта алмаймын. Бірақ осы туралы қонақтардың алдында тұрғанымда айтқан кезде, қайда тығыларымды білмей қаламын. Ата-анам тұрмысқа шығаруға асықтырған сайын арасында қиналамын», – дейді ол.

Ал маман Марал Сарбасқызы өз кезегінде Жарқынай ханымға болашақпен өмір сүруді доғаруға кеңес берді. «Ең алдымен, бұл кісінің іштей қаншалықты дайын екенін анықтауымыз керек. Ол кісінің айтып отырғаны – қоғамның қойған стандарттары. Сана мен жан дүниесі өзара таласып жатыр. Сана қоғамның пікірін жақтайды. Яғни 24 жасқа келген қыз тұрмыста болып, балалы болуы керек дейді. Ал өзіңнің жан-дүниең сол нәрсеге қаншалықты дайын? Сонда сен ер-азаматты кездестірген кезде оны қаншалықты сүйетініңді, ұнататыныңды анықтауың қажет.

Сен өзіңнің ойыңнан, жаныңнан ешқайда кете алмайсың. Бірінші іштегі қалыпты реттеу керек. Екіншіден, бұл кісі «таңғажайыпты күту» қалпына еніп алған. Яғни бір азаматты кездестіріп, оған тұрмысқа шығамын деген сияқты. Болашақпен өмір сүріп жатыр. Мысалы, дәл қазір алдыңызға бір ер-азамат келіп тұрған шығар. Сіз оны көрмейсіз. Адам қазіргі уақытпен өмір сүруі керек. Осыдан кейін «ер-азамат дұрыс болмады», «мен қабылдай алмадым» деген сияқты жалған ой ойлап табады. Болашаққа жету үшін бүгін күнді өткеруіңіз керек», – дейді Марал Сарбасқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Ажырасқаны туралы күліп айтқан келіншек өз әрекетіне өзі таңқалды

Намазхан жігіт бала күнінде зорланған әйелін жүктілігіне қарамастан қуып жіберген

Жасөпірім өзінің зорланғанын 3 жылдан бері жақындарына айта алмай жүр

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Талқылау