Бойжеткен көзінің ішіне тату жасатып, тілін кестірген (фото)
Лондондық бойжеткен көзінің алмасына тату жасатып, тілін ортасынан тілдіреді. Ол бұл екі процедураның да өзіне қиындық тудырмағанын айтып жатыр.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
32 жастағы Сара көптен бері көзінің түсін өзгертпек болады. Осы мақсатта түрлі түсті линза киіп жүреді. Артынша түсін түбегейлі өзгерту үшін көзінің алмасына тату сыздырады. Жыландыкіне ұқсатып тілін ортасынан кестіреді. Анасы дәл мұндай өзгерістерді жасатпауын өтініп сұраған екен. Десе де, батыл бойжеткен өз райынан қайтпай қойған.
Бір қызығы, көзі тату сызу кезінде емес, керісінше процедураға дейінгі уақытта қатты ауырған. Бойжеткеннің денесінің 70%-ы татумен көмкерілген. Әсіресі, тырнағынан бастап шынтағына дейінгі аралық.
“Менің көзімнің табиғи түсі – қара-көк. Бұл түс өзіме ұнамайды. Оны өзгерту үшін үнемі линза киіп жүретінмін. Артынша интернет беттерінен көзге тату жасатуға болатындығы туралы оқып қалдым. Мамандардың бұл ойын бірден құптай түстім. Әрине, шешім қабылдамас бұрын маған көп уақыт керек болды. Қазір әрекетім үшін еш өкінбеймін. Себебі, көз алмасына тату жасату арқылы оның түсін көп уақытқа өзгертуге болады. Дәл қазір 10-20 жылдан кейін денсаулығымның қандай болатынын білмеймін. Алайда біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, тәнімізді қалағанымызша өзгертуге құқылымыз”, – дейді Сара.
Сара бұрын косметолог болып жұмыс істеген. Өнерге тек тату суретшісі болған соң барып қызыға бастайды. Жұмыс істеп жүріп денесінің 70%-ына тату сыздырып, бетіне пирсинг жасатады. Ал кесілген тілі тамақ пен су ішуге мүлдем дерлік кедергі жасамайды екен.
Бойжеткен осы әрекеттері арқылы өзіне деген сенімділігін арттыра түскенін айтады. “Бастапқыда қорыққаным рас. Алайда тым алысқа кетіп қалған соң, істі соңына дейін жеткізбек болдым. Тату жасаған маманнан абай болуын өтініп сұрадым. “Сіз болмашы миллиметрге қателесетін болсаңыз, мен соқыр болып қаламын” деп айттым. Процедура кезінде көздің алмасы суық тартып тұрады, бірақ ауырмайды. Қазір көзімнің түсі – күлгін-көк”, – дейді Сара.
Сара көп жылдан кейін мұның барлығының денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізетіндігін жақсы түсінеді. Десе де, адамдарды әрдайым өз қалауларымен жүруге шақырудан жалықпайды. “Қолымдағы сурет-бояуларды өзгертпек болдым. Артынша бұл райымнан қайттым. Егер бояуды көп мөлшерде жаға беретін болсаңыз, мұның арты қайғылы оқиғаға алып барады. Сәтсіз отадан кейін көп адамның көзінің асты көгеріп жүретінін байқайтынмын. Менде бұлай болғанын қаламадым. Көзімдегі татудың бояуы макияжды сүрткен кезде аздап шетке тарауы мүмкін”, – дейді ол.
Бойжеткеннің қуанышына орай, жұрт оның бұл өзгерістеріне түсіністікпен қарауда. Олар көбінесе жағымды пікір білдіріп, суретке түсіріп алады екен. “Адамдар бастапқыда мұны линза деп ойлайды. Тату екенін білген кезде қатты таң қалады. Ең бірінші 57 жастағы анам Иоланта жасамауымды жалынып сұраған болатын. Алайда мұның барлығын өз көзімен көрген соң, қарсылық танытпайтын болды”, – дейді Сара.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандылық тірі қуыршақ науқас фанатын құтқару үшін еркектермен бір түн өткізбекші