Бойжеткен көзіндегі линзасын алам деп көз алмасын зақымдап алған (фото)
23 жастағы Ливерпуль тұрғыны Миб Макхью-Хилл көзіндегі линзасын алмақ болып көз алмасын зақымдады.
Фото: i1.mirror.co.uk
Ол линзамен 10 сағаттай жүрген. Бойжеткен линзасының қоладану мерзімі уақытынан шамалы ғана өткенін айтады.
Ол көзі ауыра бастаған соң, линзасын шешпек болады. Алайда, линзасы көзінен алынбай қойған. Екі сағаттан соң ол линзасын көз алмасының бір бөлігімен бірге жұлып алған.
Келесі күні көзі ауырған соң емханаға барады. Жол бойы көзінің күн жарығынан да ауырсына бастағанын байқайды.
«Мен мұндай линзалардан осыншалықты қауіп болады деп ойламаппын. Көз жанарыма әсер етпегенімен, көзім бір аптадай ауырып жүрді. Менің ең басты қателігім – линзаны құрғақ қүйінде таққаным. Ол құрғақтықтан көзіме жабысып қалған», – дейді ол.
Қуанышқа орай, бойжеткен дер кезінде дәрігерге қаралып, екпелер қабылдады. Ол енді линзадан мүлде бас тартқан.
Жіберіп алмаңыз:
Пайдалы кеңес: Қатерлі ісікке шалдықтырмау үшін телефонды қалай қолдану керек
Қайыр сұрап күн кешкен шымкенттік қария қарттар үйіне орналасуды армандап жүр
Шымкенттік әйел өзін тонаған еңгезердей екі жігітті қуып жүріп сөмкесін тартып алған