Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен қараусыз қалған күшікті асыраймын деп құтырма дертінен көз жұмды

Норвегиядан Филлипинге келген 24 жастағы турист Биргитте Каллестад құтырма ауруынан көз жұмды. 

Бойжеткен қараусыз қалған күшікті асыраймын деп құтырма дертінен көз жұмды

Бойжеткен достарымен қыдырып жүріп жол бойында отырған күшікті байқап қалады. Оған жаны ашып, жалға алған пәтеріне алып келеді. Демалыс уақытының бәрінде күшікпен ойнайды. Бұл кезде туристтің өзі де, достары да қолындағы күшік тістеген жара ізін байқамайды. 

Турист қыз отанына оралғанда өзін нашар сезіне бастайды. Көзіне әлдене елестеп, қызуы көтеріледі. Дәрігерлер дер кезінде диагноз қоймайды. Кұтырма ауруының бар-жоғын тексергенде кеш болып кетті. Бойжеткен өзі жұмыс істеген емханада көз жұмды. 

Енді Бергиттенің отбасы Филиппин мен өзге де елдерде көшедегі құтырма ауруы бар иттерден сақтану үшін екпе салу тізіміне қосуды қолға алып жатыр. 

Талқылау