Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Boys Мұқасан": Backstreet Boys әншілеріне шапан мен домбыра тарту етілді (видео)

 Фото: instagram.com/malik_khassenov

Желіде Астанада жүрген Backstreet Boys әншілерінің видеосы тарады. Елордалықтар әлемдік жұлдыздарға шапан кигізіп, домбыра тарту еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Астана концерт" продюсері Малик Хасенов өзінің Instagram парақшасында Backstreet Boys тобының мүшелерімен түскен видеосын жариялады. Бейнежазбада шетелдік әншілердің домбырада қалай ойнау керектігінін тамашалап тұрғанын байқауға болады. Сондай-ақ Ник Картер бұл сәтте қазақтың ұлттық шапанын киіп алған.

Сондай-ақ Хасенов әзіл ретінде "Boys Мұқасан" тобы Sphere Las Vegas-те тұсау кесер, қыз ұзату секілді шараларға тапсырыс қабылдайтынын жазып қойған.

"Қазақша, ағылшынша айтамыз, би билейміз. Бейне түсірілім, тамада", - деп әзілдеп жазды "Астана концерт" продюсері.

 

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 21 Қыркүйек, 2025 10:20
Талқылау