Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бостандықты аңсадым": Аида Кауменова екі рет тұрмыс құрғанын жасырмады

Танымал дизайнер Аида Кауменова жеке өмірі туралы “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Видеодан скриншот

Атақты сән әлемінің жұлдызы бір қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

“Қазір жалғыз өзім тұрып жатырмын. Тағдырдың жазуымен екі рет тұрмыста болдым. Алғашқы күйеуіме 30 жасымда, екіншісіне 40 жасымда шықтым. Екінші енем өте жақсы адамдар еді, ерке келін болдым. Ұйқыдан тұрсам енем бәрін істеп қоятын. Мінезі қатал болғанымен мені барынша еркелетті, қызметте жүргенімді түсінді. Бірге көп тұрмадық, біз Алматыда, олар Шымкентте болды. Ал күйеуіммен төрт жыл бірге тұрдық. Өмір болғаннан кейін солай болды, екіге айырылдық. Мен негізі, шыдамды адаммын. Көп нәрсеге шыдаймын. Бірақ, шыдам шегіне жеткенде кері шегіне алмаймын. Әйел көп нәрсені кешіре алады, бірақ оны ешқашан ұмытпайды. Ұмытса сол қателікке қайта ұрынуы мүмкін. Әйелдің бақыты тек ер адаммен байланысты емес. Әйелге де қолдау керек”, – деп жан сырын ақтарды сәнгер. 



Сонымен қатар сезімін білдіретін ер-азаматтар бола тұра, дизайнер тұрмыс құруға асықпайтын көрінеді. 

“Қазір менің басым бос. Кейбір сәттерде қиын болуы мүмкін. Бірақ менің ең қымбатты бостандығым бар. Тұрмыста болған кезде басымның бостандығын аңсадым. Мен мысалы, сыртта ұлы дизайнер болып жүріп, кешкісін үйге келген соң қазан-ошақтың басындағы қатынға айнала алмаймын. Сондықтан мені түсінетін, бағалайтын, мың рет қателік жасасам да менің қателігімді бетіме баспай, қолдау білдіретін ер-азамат керек. Қазір менің жүрегім бос. Бірақ, бос екен деп іздеп те жүрген жоқпын. Жігіт туралы ойлауға уақытым жоқ. Бір қызым бар. Шетелде оқып жатыр”, – деп жауап берді дизайнер. 

Еске салайық, сән саласының маманы балалық шағы туралы айтқанын жазған едік. 

Талқылау