Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босана салысымен ұлын көрсеткен Баян Нұрмышева оның себебін түсіндірді (фото)

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева сәбилерін жұртқа көрсетуден қымсынбайды. Дүниеге келе салысымен-ақ кіші ұлдарына инстагранман парақша ашып қойған жұлдызды жұп тіл-көзден қорықпаймыз дейді. Баянның айтуынша, ұлдарына парақша ашып, олардан “жұлдыз” жасап жүрген әкелері Ерлан.

20839058_1545537878817864_3847341084241821696_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Екінші ұлым Зейін әзірге маған ұқсайды. Кейін өсе келе алдап кетіп жүрмесе бізді. Мінезі де өте сезімтал, тіпті, еркелетсең де, жұбатсаң да тез көніп қалады. Өзінің өкпесі болса да, соны жылаумен білдіріп жатады. Эмоцияға толы бала. «Қой, жылама» деп қаттырақ айтсаң оны да түсініп қоятын секілді. Бірден өкпемен жылап, эмоциясы анық көрініп тұрады”, – дейді Баян ағынан жарылып.

Бұдан кейін Нұрмышева инстаграмдағы Назарәли мен Зейіннің жеке парақшалары туралы сөз қозғады.

20589808_305334043271580_6748056086361669632_n

“Иә, оның бәрін ашып жүрген негізінен әкесі ғой. Зейін дүниеге келе салысымен парақшасын ашып, суреттерін салып. Енді бәрі айтып жатыр, ерте ғой, көз тиеді деп. Біз Ерлан екеуміз ойлаймыз, ең бастысы, ата-анасы көңілге алмауы керек. Көңілге алсаң, міндетті түрде солай болады. Сондықтан көп көңілге алмауға тырысамыз. Алла сақтасын дейміз, әрине. Әкесі енді осындай, балаларының фанаты.

Бәрібір бір жасқа толған соң, оған дейін салынатын суреттер. Бәрібір ол баланың түрін өмір бақи жасырып өте алмайсың”, – деп түсіндірді Орынбасаровтың келіншегі.

NZ brothers 😊

Публикация от Ерлан мен Баян ❤ (@zein_official)

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекова: Ұлым қазіргі күйеуімді туған әкесі деп ойлап жүр

Қайрат Нұртастың отбасында тағы да той болмақ

Баян Есентаева арман қуған қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

Талқылау