"Бос айқайға басатын адамдардың қажеті жоқ": Тоқаев елдегі жалған патриоттар туралы пікір білдірді

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Тоқаев елдегі жалған патриоттар туралы қатаң пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қазақстанның патриоты болу – азаматтық жауапкершілікті терең түсіну деген сөз екенін атап өтті.
“Ұлт мүддесін желеу етіп бос айқайға басатын, одан қалды, азаматтарымыздың Отанымызға деген шынайы сүйіспеншілігін саяси ұпай жинауға пайдаланғысы келетін теріс пиғылды адамдардың бізге қажеті жоқ”, – деді Тоқаев.
Тоқаев Ассамблея мен Ұлттық құрылтайды біріктіріп, орнына Халық Кеңесін құру туралы бастама көтерді
"Қасиетті жазба емес қой": Президент Салық кодексіне өзгеріс енгізуді тапсырды
Президенттің айтуынша, барлық салада, соның ішінде зауыттарда, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтау ұйымдарында, мектептерде, университеттер мен ғылыми зертханаларда, мемлекеттік мекемелерде, жеке компанияларда жұмыс істеп жүрген адамдардың білікті әрі табанды еңбегін, әскери борышын өтеп жүрген және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін азаматтарымыздың Отанға адалдығын жауапкершілікке негізделген жасампаз отаншылдық деуге болады.
“Қазақстан Әділеттің, Заң мен тәртіптің мекені, еңбекқор адамдардың елі болуға тиіс. Заң үстемдігі мен жасампаз еңбек жоғары тұрмыстық мәдениет идеологиясымен астасып жатуы керек. Осы қағидаттар көптеген елде табысты әрі берекелі өмір сүрудің формуласы саналады. Осындай басты құндылықтар мен өмірлік ұстанымдар әр адамның бойына отбасынан, мектеп қабырғасынан дариды. Сондықтан біз іргелі институттарды күшейтуге баса назар аударуымыз керек”, – деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда қазақстандықтарды "тарихи жарақат алған ұлт" психологиясынан арылуға шақырғаны туралы жазған едік.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы