Бортта 176 адам болған: Оңтүстік Кореядағы әуежайлардың бірінде ұшақ өртеніп кетті
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда ұшуға дайындалып жатқан Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақта 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі үрлемелі траптар арқылы дер кезінде эвакуацияланған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақаттар алған.
Орал-Астана бағытындағы FlyАrystan ұшағы құстармен соқтығысты
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың құйрық бөлігінде басталып, тез арада ұшақтың барлық бөлігіне тарап үлгерген. Ұшақ толығымен жанып кетті.
Еске салсақ, ,2024 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында ұшақ апаты болып, 179 адам көз жұмған еді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді