Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Борт қызметкерлері ерлі-зайыптының жанына әйелдің мәйітін отырғызып қойған

Аустралиялық ерлі-зайыпты Мельбурннан Венецияға ұшқан кезде мерт болған әйелдің мәйітінің қасында бірнеше сағат отыруға мәжбүр болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Митчелл Ринг пен Дженнифер Колин Qatar Airways компаниясының ұшағымен Мельбурннан Венецияға ұшқан. Кенет әйел дәретханадан шығып дәлізде құлап, мерт болып кеткен. Экипаж қанша тырысқанымен, оны аман алып қала алмады.

"Олар оны дәлізден көтеріп, жылжытпақ болды, сосын орындық әкеліп, соған отырғызды. Оны бизнес класқа апармақ еді, бірақ әйел ірі болғандықтан, олар оны дәлізден өткізе алмады", – деді Ринг.

Экипаж ерлі-зайыптының екі жағында бос орындар барын байқап, мәйітті жандарына әкелген. Дохаға жету үшін төрт сағат бойы Митчелл Рингтің жанында көрпемен жабылған мәйіт жатты. Сөздерінше, бұл оларға стресс әкелді.

Ең сорақысы, ерлі-зайыпты ұшақ Дохаға қонғаннан кейін де полиция мен дәрігерлер келгенше, бортта күтуге тура келген.

Рингтің айтуынша, құтқарушылар мәйіттен көрпелерді алып, оны тексере бастаған. Олар мәйіттің бетін көріпті.

Жұп әуекомпания қызметкерлерінің салғырттығына және жолаушыларына ыңғайсыздық тудырғанына наразы. Тіпті содан кейін кешірім сұрап, көмек ұсынбады дейді.

Соның кесірінен Венецияға сапары туралы жағымсыз әсер қалды дейді.

Qatar Airways оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады.

Талқылау