Боранда жүгірген полиция қызметкері Қостанайда 15 адамды өрттен құтқарған
18 ақпанда боранды күнде тас жолда жүргізушілерге жол көрсетіп жүгірген полиция қызметкері Амантай Байжанов бұған дейін де ерлік әрекеті үшін марапатталған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алау" порталына сілтеме жасап.
2020 жылдың 22 сәуірде Қостанайда өрт шыққан. Түнде екі қабатты коттедж өртеніп, 15 адам, оның ішінде 5 жасар бала боланы өрттен Қостанай қаласының патрульдік полицейлері құтқарды.
"Біз бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырдық, бірнеше секундымыздың барын ғана түсіндік. Екі қабатты үй, шатыры бар, онда адамдар бар екені анық болды. Үйдің жанында биік дуал мен қақпа жабық болған", - деді сол кезде оның серіктесі Жанболат Жаутин.
Полиция қызметкері қоршаудан секіріп өтіп, есікті сындырып ашқан, себебі ол құлпыланған көрінеді. Үйдің шатыры жанып жатты.
Полиция адамдарды ұйқысынан оятты, тұра алмағандарды көтеріп алып жүруге тура келген. Осылайша қызметкерлерді де өрт шалып, қолдары күйіп қалған.
"Адамдардың бәрін шығарғанымызға көзіміз жетпейінше, үйге кіре бердік", - дейді Амантай Байжанов.
Адам өмірін сақтап қалғаны үшін полиция қызметкері ҚР ІІМ және Қостанай облысы әкімінің грамоталарымен марапатталды
Еске салайық, Амантай Байжанов 18 ақпанда атақты тас жолда жүргізушілерге көмектескен болатын. Ол екі шақырым жүгіріп, көлік жүргізушілеріне жол көрсеткен.