Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болманов бесінші сәбилерінің қыз болуын жаратқаннан тілеп жүргенін айтты

Қыдырәлі Болманов тоқал тақырыбын аңызға балады. Мұнымен қатар, бесінші сәбилерін күтіп жүргендерін де ашып айтты.

14718113_548325028695575_4458004460714590208_n

Фото: instagram.com/kydyrali_bolman

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Қыдырәліге тоқал алып беремін” деп Қарақат ханым тұтас елді шулатқан-ды. Осы қалжыңның арқасында олар стадионда берген шоу-концертке халықты лық толтырды. Ал кеш соңында Қарақат күйеуіне тоқал емес, көлік сыйлап әңгіменің нүктесін қоймақ болды. Алайда бұл әрекеті іске аспады.

Тоқал тақырыбына қатысты Қыдырәлі Болманов тағы да сұхбат берді. “Ойлап қарасаңыз, жиырма жылға жуық уақыт Қарақатпен біргемін. Екеуіміз қолұстасып келе жатырмыз. Арамызда ешқашан да бір тоқал болып көрген емес. Болады деп ойлаған да емеспіз. Ол – аңыз. Өзімен-өзі ұшып жүрген нәрсені бәріміз қуалап жүрміз”, – дейді ол.

Алайда жұлдызды отбасы халықты осы аңызға кәміл сендіре алды. Бірақ қазір Қыдырәлі ешқандай да тоқал алғалы жүрген жоқ. Олар бесінші сәбилерін күтуде. “Жүрегіңнің түбінде қыз бала да, ұл бала да сүйгің келеді. Оның үстіне қыз бала деген жүрек қой. Ертең ата-анасына қарайтын да, тәпішкеңді әкеліп беретін де, үстіңе көрпе жабатын да сол қыз бала деп түсінемін. Сондықтан әрине іштей армандаймыз, жаратқаннан тілейміз. Қазір кесіп ешнәрсе айта алмаймын, күтетініміз рас. Егіз болса тіптен жақсы. Сұрай бергің келеді ғой”, – дейді Қыдырәлі.

Ал Қарақаттың тоқал іздеуі былай тұрсын, ол туралы ойланатын да шамасы жоқ. 9 ай, 9 күнді аман-есен өткеріп, “Қыдырәліге ақ маңдайлы қыз сыйласам” болды деп жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа жылқы қағып жол апатына түскен (фото)

Баян Мақсатқызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын жариялады

Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Маңдайыма бай күйеуге тию бұйырмапты

Талқылау