"Болашақта модель болғым келеді": Ақтаулық әйел бір отбасыда бірден екі альбинос баланың дүниеге келуі сирек дейді
Биыл ақтаулық апалы-сіңілі Әсел мен Камила туралы ақпарат БАҚ беттеріне шығып, бүкіл Қазақстанның таңданысын тудырған еді. Альбинос қыздардың анасы Айман Сарқытовамен Stan.kz тілшісіне тілдесудің реті түсіп, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап алған еді.
38 жастағы әйел - үш баланың анасы. Қыздардың жасы 1,5 және 14-те. Ортасында 8 жастағы ұлы бар. Айтуынша, ұл баласы кәдімгі қазақтың қара домалақ баласы. Ал қыздары ерекшеліктерімен дүниеге келген. Тұла бойы тұңғышы туылғаннан кейін өзінің де, жұбайының да арғы тегінде альбиностар болғанын білген.
Одан кейін жүкті болғанда қорқыныш болды ма деген сұрағымызға Айман: "Жоқ, болмады. Ол туралы ойлаған да жоқпын. УЗИ-ден көрсетеді деген. Бірақ альбинизмның бар-жоғы туралы УЗИ көрсетпейді екен. Ауру, басқасын анықтай алады", - дейді.
Аналарының айтуынша, қыздардың терісі нәзік болғандықтан қорғануды қажет етеді, күннің көзіне шығуға болмайды, бірақ денсаулықтарында басқа кінәрат жоқ. Офтальмолог дәрігердің есебінде тұрған балалар жарты жылда бір көрініп, жанарын тексертеді, сонымен қатар арнайы сынамаларды тапсырады. Айман ханым қазақ халқында альбиностар көп екенін айтады, тек бр отбасында бірден екі бала бірдей осы туабітті ерекшелігімен дүниеге келгені сирек екен. Ол отандық сайттардың бірінде жарияланған ақпараттан кейін өздеріне деген назардың көбейіп кеткенін жасырмайды.
"Албинос балалардың ата-анасы хабарласып жатады, инстрамға көп жазылып жатыр", - дейді әйел.
Жасөспірім Әсел өзінің ерекше қалпына үйренгенін айтады, себебі тумасынан осындаймын дейді. 8-нші сынып оқушысы болашақта модель болғысы келеді. Достары да көп екен. Инстаграм әлеуметтік парақшасында бірнеше мың жазылушысы бар жасөспірімге көптің назары жаққан сыңайлы.
"Өзіне ұнап жатыр, адамдардың жылы сөздері, тілектері, мотивациясы. Бұрын кішкене тұйықтау болатын. Ашыла бастады.
Отбасы ауа-райына байланысты болашақта астанамызға көшкісі келеді екен.
Айта кетсек, әлемде туылатын әрбір 20 000 балаға 1 альбиностан келеді.
Материал авторы: Жанар Жансейіт
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды