Болашағынан мол үміт күттіретін қазақстандық 5 актриса (фото)
Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сағатова, Аружан Жазылбекова, Әлия Әнуарбек сынды актрисалар қазақстандық кинематография саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Олардың қатарына өнердегі жолдарын әншіліктен бастап, тележүргізушілікпен ұштастырған Әсел Сәдуақасова, Аша Матай, Кәмшат Жолдыбаева, Гүлназ Жоланова сынды өнерпаздар да қосылып үлгерді. Десе де, кино әлеміне жаңадан қадам басқан есімдері ерек жас таланттар да бұл салаға өзіндік үлестерін қосуда.
Гәкку болашағынан мол үміт күттіретін қазақстандық 5 актрисаны тізімдеді.
Ғазиза Тілеубай
Жас болса да бүгінде режиссерлердің сұранысына ие актрисалардың бірі – Ғазиза Тілеубай. Бойжеткен «Қазақ хандығы» фильмінде маңызды рөлдердің бірін сомдады. Ал қазіргі уақытта Ғазиза отандық «Сүйе білсең» телехикаясына түсіп жатыр. Ешкімге ұқсамайтын түр-келбеті мен бойындағы талантының арқасында Ғазизаның әлі талай шыңды бағындыратынына сенеміз.
Жәния Қалиева
Жания Қалиеваның кинодағы дебьюті «Айжан» телехикаясынан басталды. Одан кейін «Жібек» телехикаясына түскен жас актрисаға бүгінде көзі түсіп отырған режиссерлер көп. Жуырда ғана көрсетілген «Өгей жүрек» телехикаясындағы Жанияның образы тіптен ерек. Көрермендер дәл осы тундыдан кейін Қалиеваның мықты актриса болатынын болжады.
Айым Сейтметова
Айым Сейтметова – танымал қазақстандық актерлер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. «Алма ағашынан алысқа түспейді». Айымның да кино әлеміндегі қызметі «Жібек» телехикаясынан бастау алды. Онда Сейтметовтің қызы басты рөлді сомдады. Айта кетейік, жуырда аталмыш телехикаяның екінші маусымының түсірілімі де басталды.
Элина Шакеева
Элинаның кино әлеміндегі дебьюті – Әнуар Хайдаровтың «Періште» фильмі. Одан бөлек, жас актриса түрлі бейнебаяндарға түсіп, актерлық шеберлігін шыңдап жүр. Ал алғашқы басты рөлді Элина “Падает вверх” телехикаясында сомдады. Дәл осы туындыдан кейін актриса режиссерлер назарына ілігіп, “Шлагбаум”, “Super Той” фильмдеріне түсті.
Жазира Еркін
Жазира Еркін өзнің актерлық жолын «Вузеры» телехикаясынан бастады. Одан кейін “Бажалар”, “Қыз жолы” фильмдерінде эпизодтық рөлдерді сомдаған актрисаға жағымсыз кейіпкерлердің рөлі оң жаңбасына келетіндей. Әсіресе, оның “Айжан” және “Зәуре” телехикаяларындағы сомдаған образы ел есінде.
Естеріңізде болса, болашағынан мол үміт күттіретін қазақстандық актерлер жайында жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық жұлдыздар ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді
Түсіпбаева өзінің стилін сынаған дизайнерді «сауатсыз» деп кемсітті
Леонардо Ди Каприо бойдақтық өмірімен қош айтыспақ
16 жастағы Әсел Сәдуақасова: Актрисаның түр-келбетінің өзгермеуінің себебі неде?