Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға тағы бір көлік тарту етілді

XXXIII жазғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев көлік кілтін табыс етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Әкім боксшыға құттықтау сөз сөйлеп, спортшының айтулы жеңісі үшін алғыс білдірді.

“Нұрбек ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әсіресе, кіндік қаны тамған –Жамбыл облысы жұртшылығының абыройын тағы да бір асқақтата білді. Әулиеата топырағы – ұлт генофонының қуатын айқындаған айрықша өлке. Қазақ елін әлем алдында паш еткен сайыпқырандардың дені Жамбыл облысының топырағынан түлеп шыққан. Жамбыл – чемпиондар өлкесі, мықты бапкерлердің ұстаханасы десек, артық айтпаймын”, – деді әкім. 

Ербол Қарашөкеев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріне демеушілердің есебінен Hyundai Sonata автокөлігінің кілтін табыстады.

Ал Нұрбек Оралбай жерлестерінің көрсеткен зор құрметі мен қошеметіне алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальге ие болған еді. Осыдан бір күн бұрын Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender көлігінің кілтін табыс еткен. 

Талқылау