Бокстан Азия чемпионатындағы боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды

Бокстан 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында Азия чемпионатын өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған турнир World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылуда. 29 наурыз құрлықтың бәсекенің жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесі бойынша 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай жарыста жартылай финалдан бастайды.
50 келі салмақта Санжар Ташкенбай ширек финалда қырғызстандық Бекзат Ергешов пен үндістандық Вишванат Суреш жұбының жеңімпазымен айқасады.
55 келіде Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін иорданиялық Махди Альмасалех пен өзбекстандық Шахзод Мұзафаров арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы өткізеді.
60 келіде Оразбек Асылқұлов 1/8 финалда филиппиндік Пауль Юлифер Басконмен жұдырықтасады.
65 келі салмақта Ертуған Зейнулинов қытайлық Тайбэй өкілі Ю Линге қарсы шығады.
70 келіде Төрехан Сабырхан ширек финалда кореялық Ким Юн Су мен тәжікстандық Шамшер Саидов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
75 келіде Сабыржан Аққалыков жапониялық Яги Талгамен бәсекелеседі.
80 келіде Ерасыл Жакпеков қырғызстандық Сағын Сатыбалды мен өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
85 келіде Нұрбек Оралбай жарысты жартылай финалдан бастайды. Ол моңғолиялық Барлаахан Дору мен иорданиялық Мұхаммад Сүлейман арасындағы жеңімпазбен өзара мықтыны анықтайды. Осылайша, Оралбайлың қордынында кемінде қола жүлде бар.
90 келіде Сағындык Тоғамбай қытайлық Хан Сюэчжэньге қарсы шаршы алаңға шығады.
90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай моңғолиялық Бекнур Кали мен өзбекстандық Арман Маханов арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұл додаға еліміздің нөмер бірінші боксшылары аттанды. Ал Өзбекстан екінші құрамаларын жіберді. Тіпті өзбекстанның бас бапкері Тулкин Киличивтің өзі де командасын бастап бармады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді