Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирінің финалистері анықталды

Шымкентте бокстан ерлер арасында Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалына шыққандар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:ҰОК

Азия чемпионатына іріктеу ретінде өткізіп жатқан Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалистері белгілі болды. Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп, алтын жүлдені сарапқа салатын спортшылар анықталды. Назарларыңызға финалдық жұптардың тізімін ұсынамыз: 

48 келі. Санжар Тәшкенбай – Теміртас Жүсіпов

51 келі. Дамир Әбдіқадір – Даниял Сәбит  

54 келі. Сәкен Бибосынов – Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі. Оразбек Асылқұлов – Махмұд Сабырхан

60 келі. Серік Теміржанов – Бейбарыс Жексен.

63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов – Жандос Қыдыралиев.

67 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Илья Калинин.

71 келі. Сабыржан Аққалықов – Абылайхан Жүсіпов.

75 келі. Диас Молжігітов – Нұрқанат Райыс.

80 келі. Ерасыл Жақпеков – Никита Засенок.

86 келі. Бекзат Нұрдәулетов – Темірлан Мұқатаев.

92 келі. Сағындық Тоғамбай – Абзал Құттыбеков

92+ келі. Айбек Оралбай – Нұрлан Сапарбай

Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысып жатыр. Осымен 43-рет өтіп жатқан бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады. 

Талқылау