Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әйелдер арасындағы "Мықтылар турнирінің" финалистері анықталды

Қарағандыда әйелдер боксынан өтіп жатқан "Мықтылар турнирінің" алтын жүлдесіне таласатын боксшыларымыз белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу турнирінің финалистері анықталды.  Назарларыңызға дүбірлі доданың финалына шыққан спортшылардың тізімін ұсынамыз. Турнирдің финалдық жұптары:

48 келі.  Әйгерім Сәттібаева - Ақбота Болат

50 келі. Алуа Балқыбекова - Гелиуса Галиева

52 келі. Томирис Мырзақұл - Жазира Орақбаева

54 келі. Элина Базарова - Әнел Сақыш

57 келі.  Виктория Байдукова - Ұлжан Сәрсенбек

60 келі. Шахназ Исаева - Виктория Графеева

63 келі. Лаура Есенкелді - Аида Әбікеева

66 келі.  Ангелина Ганюкова - Милана Сафронова

70 келі. Ангелина Витова - Гаухар Шойбекова

75 келі. Елена Гапешина - Валентина Хальзова

81 келі. Гүлсая Ержан - Диана Мағауяева

81+ кг. Ельдана Тәліпова - Ләззат Күнгейбаева

Айта кетейік, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы баскиімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай баскиім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Талқылау