Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы қазақстандық екі боксшы ширек финалда сүрінді

Бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулері аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Түнгі сессияда Қазақстан құрамасы сапынан 5 боксшы жартылай финалға берілер жолдамаға таласты. 48 келі салмақта бәсекеге түсіп жатқан ұлттық құрама капитаны, Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Венесуэла елінің өкілі Тайонис Кеденоны нокаутпен жеңді.

Рингке шыққан келесі боксшымыз Карина Ибрагимова жарысты ширек финалдан аяқтады. 57 келіде сынға түскен отандасымыз қытайлық Янь Цайдан 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ширек финалдан сүрінбей өткен спортшыларымыздың бірі 63 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Аида Әбікеева. Жартылай финалға берілер жолдама үшін Аида түркиялық Эсманур Локты ұтты. Бұл кездесуде төрешілер 5:0 есебін тіркеді.

Қазақстан құрамасы қоржынына жартылай финалдың соңғы жолдамасын 70 келіде жарысқа қатысып жатқан Наталья Богданова салды. Отандасымыз ¼ финалда шаршы алаң иесі, сербиялық Милена Матовичті тартысты өткен кездесуде 4:3 есебімен жеңді.



Ал +81 келі салмақта сынға түскен Надежда Рябец ширек финалда жеңіліс тапты. Ол Сербия елінің боксшысы Сара Миликовичтан ұтылды.

Осылайша Қазақстан құрамасы сапынан 4 боксшы жарысты ¼ финалда аяқтады. Ал жартылай финалға 6 боксшымыз жолдама алды. Бұған дейін, отандастарымыздың ширек финалға 10 жолдама жеңіп алғанын жазған едік.

 

Талқылау